Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімді іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы1 шілдедегі N 912 P990912_ қаулысына мынадай өзгерту енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадтарының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімге сәйкес электр энергиясы мен көмірді беруге келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу субъектілері үшін 1999 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейін:
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасынан Бішкек қаласының
жылу-электр орталықтарына қарағанды көмірін тасымалдаудың темір жол
тарифтеріне;"
"KEGOC" ААҚ-ы жүйелері бойынша қырғыз электр энергиясын
тасымалдау тарифтеріне 50 % көлемде жеңілдік белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.