Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополиларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп 1999 жылғы вегетациялық кезеңде электрмен жабдықтаудың көзін ауыстырған кезде "Ертіс-Қарағанды каналы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны үшін үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша "KEGOC" акционерлік қоғамының электр желілері бойынша электр энергиясын тасымалдауға қолданылып жүрген тарифті сақтау туралы мәселені шешсін.
1-1. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы үкіметтерінің арасындағы Нарын-Сырдария су қоймалары каскадтарының су-энергетика ресурстарын кешенді пайдалану жөніндегі келісімге сәйкес электр энергиясы мен көмірді беруге келісім-шарт жасасқан Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізу субъектілері үшін 1999 жылдың 1 шілдесінен 31 тамызына дейін:
Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасынан Бішкек қаласының жылу-электр орталықтарына қарағанды көмірін тасымалдаудың темір жол тарифтеріне;
"KEGOC" ААҚ-ы жүйелері бойынша қырғыз электр энергиясын тасымалдау тарифтеріне 50 % көлемде жеңілдік белгіленсін.<*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.14. N 972 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі