Қазақстан Республикасы Президентінің "2000 жылға арналған республикалық бюджет жобасын дайындау туралы" 1999 жылғы 20 сәуірдегі N 116 U990116_ Жарлығының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 2000 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджет комиссиясы ұсынған 2000 жылға арналған негізгі бюджеттік көрсеткіштер бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі "2000 жылға
арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
жобасын әзірлеу кезінде осы қаулымен бекітілген негізгі бюджеттік
көрсеткіштерді ескерсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 шілдедегі
N 974 қаулысымен
бекітілген
2000 жылға арналған негізгі бюджеттік көрсеткіштер
___________________________________________________________________
2000 ж. 2000 ж.
№І нұсқасы ІІ нұсқасы
ІЖӨ:
- млрд. теңгемен 2 117,4 2 128,0
- нақты мәндегі ІЖӨ, %-пен 100,5 101,0
Тұтыну бағасының индексі, %-пен
- жылына орташа есеппен 15,0 15,0
Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы
бағамы
- жылына орташа есеппен 157,0 157,0
республикалық бюджеттің тапшылығы,
млрд. теңге 63,5 63,8
- ІЖӨ-ге %-пен 3,0 3,0
Жекешелендіруден түскен түсімдерсіз 122,8 123,4
республикалық бюджеттің тапшылығы,
млрд. теңге
- ІЖӨ-ге %-пен 5,8 5,8
Республикалық бюджетке жекешелен- 59,3 59,6
діруден түскен түсімдер, млрд. теңге
- ІЖӨ-ге %-пен 2,8 2,8
Мемлекеттік бюджеттің түсімдері, 447,0 452,6
млрд. теңге
- ІЖӨ-ге %-пен 21,0 21,3
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.