Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 P990569_ қаулысымен бекiтiлген 1999 жылы республикалық бюджетке несиелiк берешектердi қайтару тәртiбi туралы ереженiң күшiнiң қолданылуын "Алматыметроқұрылыс" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам), Қоғамның республикалық бюджеттен нысаналы түрде қаржыландырылған Алматы қаласындағы метрополитен құрылысына байланысты қызметтi ғана жүзеге асырғандығын ескере отырып, қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.