Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау республикалық басқармасы мекемесi қайта құру жолымен шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Мемэнергиясараптама" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi- Кәсiпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөнiндегi комитетi мемлекеттiк басқарудың органы, сондай-ақ кәсіпорынға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсiн.
3. Кәсiпорын қызметiнің негiзгi нысанасы мыналар болып белгiленсiн:
электр энергетикасы және энергия үнемдеу мәселелерi бойынша, оның iшiнде қайта жаңартылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектiлердiң жобалары бойынша белгiленген тәртiппен энергетикалық сараптама жүргiзу және қорытындылар беру;<*>
энергетикалық жабдықтар мен электр және жылу тораптарындағы технологиялық бұзылулар мен аварияларды, сондай-ақ оларда өндiрiстік жарақат алу жағдайларын тексеру кезiнде оған белгiленген тәртіппен қатысу.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.02.04. N 167 қаулысымен .
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау жөніндегi комитет кәсiпорынның жарғысын заңдарда белгіленген тәртіппен әзiрлеп, бекiтсін және оны мемлекеттік тiркеудi қамтамасыз етсін.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
6. "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 8 қарашадағы N 1489 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 443-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі