Қазақстан Реcпубликасындағы мемлекеттiк энергетикалық қадағалау туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1995 жылғы 8 қараша N 1489. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.07.26. N 1065 қаулысымен

      Қазақстан Республикасындағы электр энергиясы саласын басқару құрылымын қайта ұйымдастыруға байланысты және Мемлекеттiк энергетикалық қадағалаудың ролiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау

 

туралы осыған қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк энергетикалық

қадағалауы туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 мамырдағы N 362 қаулысының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 16, 187-бап) күшi

жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы

                                                 Үкiметiнiң

                                            1995 жылғы 8 қарашадағы

                                               N 1489 қаулысымен

                                                   бекiтiлген


          Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк

             энергетикалық қадағалау туралы

                        Ереже


                      1. Жалпы бөлiмi



 
       1. Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау (бұдан әрi - Мемэнергияқадағалау) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, олардың ведомстволық бағыныштылығына, меншiк нысанына қарамастан, кәсiпорындарды, мекемелер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк энергетикалық қадағалау мен энергетикалық сараптау жөнiндегi, әрi олардың энергия үнемдеу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты дәйектiлiкпен жүргiзуiне бақылау жөнiндегi республикалық орган болып табылады және ол Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң құрамына кiредi.
      2. Мемэнергияқадағалау өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, қолданылып жүрген халықаралық және мемлекетаралық актiлердi, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бекiткен немесе онымен келiсiлген нормативтiк құжаттарды басшылыққа алады.
      3. Мемкентехникақадағалауға қарасты жабдықтарды немесе Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен келiсiлген арнайы ережелер бойынша пайдаланылатын жабдықтарды қоспағанда, электр мен жылу энергиясын өндiру, тасымалдау және тұтыну жөнiндегi кез-келген энергетикалық жабдық энергетикалық қадағалау мен оны сараптау объектiсi болып табылады.
 
           II. Негiзгi мiндеттерi мен функциялары
 
      4. Мемэнергияқадағалаудың негiзгi мiндеттерi:
      Энергетика кәсiпорындарының энергетика ресурстарын өз қажетiне жұмсауына, сондай-ақ технологиялық және коммерциялық ысырабына қатысты олардың өндiрiлуi мен тасымалдануына, тұтынушылардың электр және жылу энергиясын ұтымды пайдалануына, шығарылатын өнiмнiң (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) өлшем бiрлiгiне энергия мен отынның жұмсалу нормаларын белгiлеуге және олардың сақталуына, электр және жылу энергиясы мен қуатын тұтынудың белгiленген режимiнiң сақталуына, энергияны үнемдеу жөнiндегi шаралардың орындалуына, электр және жылу энергиясы тарифтерiнiң дұрыс қолданылуына бақылау жасау;
      энергетика жабдықтарының, электр стансаларының және жүйелерiнiң үйлерi мен ғимараттарының, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланылатын қондырғыларының монтажына, пайдаланылуы мен техникалық жағдайына техникалық қадағалау жасау;
      Электр стансалары мен жүйелерiн, техникалық пайдалану ережелерiн, Тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларын техникалық пайдалану ережелерiн, Электр стансалары мен жүйелерiн, Тұтынушылардың электр және жылу пайдалану қондырғыларын пайдалану кезiнде техника қауiпсiздiгi ережелерiн, Электр және жылу энергиясын пайдалану ережелерiн және басқа да нормативтiк құжаттарды iске асыруға бақылау жасау;
      электр және жылу энергиясының сапасы жөнiндегi мемлекеттiк стандарттар мен техникалық шарттары талаптарының орындалуына бақылау жасау;
      электр, жылу энергиясы мен қуатын өндiру, беру, бөлу және тұтыну кезiнде, сондай-ақ бастапқы отында тұтыну кезiнде есептеу аспаптары жұмысының дұрыстығы мен техникалық жағдайына бақылау жасау;
      қадағалауға алынған кәсiпорындар мен ұйымдарда мемлекеттiк энергетика сараптамасын, сараптамалық тексерулердi жүзеге асыру;
      электр стансаларының, электр және жылу жүйелерiнiң, энергияны жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының жұмысындағы технологиялық бұзылуды тексеру мен оның есебiнiң жүргiзiлуiне бақылау жасау;
      электр стансалары мен жүйелерiнiң энергетикалық жабдықтарын, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың электр және жылу пайдаланылатын қондырғыларын пайдалану және қауiпсiз қызмет көрсету, энергия мен энергия үнемдеу сапасы жөнiндегi нормативтiк және заңдылық негiздердi, ережелердi, нормаларды, стандарттар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жасап, жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
      5. Негiзгi мiндеттерге сәйкес Мемэнергияқадағалау мыналарға:
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың энергия тұтынушыларды iркiлiссiз және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуiн, сондай-ақ, энергия тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жүйелерiне қосу тәртiбiн;
      нормативтiк-техникалық және ұйымдық-өкiмдiк құжаттаманың болуын, олардың жайы мен орындалуын;
      энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу пайдаланылатын қондырғылардың құрастырылуы мен техникалық жағдайын;
      электр стансаларының, электр және жылу жүйелерiнiң үйлерi мен ғимараттарының техникалық жағдайын;
      энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу пайдаланылатын қондырғылардың, олардың жөнделуiн ұйымдастыру мен жүргiзудi қосқанда, авариясыз жұмысы мен қызмет көрсетуiнiң қауiпсiз жағдайын қамтамасыз ететiн техникалық және ұйымдастыру шараларын дер кезiнде өткiзiлуiн;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр және жылу энергиясы сапасының белгiленген нормаларының сақтауын;
      тұтынушылардың электр қондырғыларында техникалық шарттарға, белгiленген нормалар мен ережелерге сәйкес реактивтiк қуатты өтеу деңгейiнiң қамтамасыз етiлуiн;
      жылу энергиясын тұтынушылардың сапа мен конденсат қайтарымы шамасы нормалдарын белгiлеуiн;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушылардың екi жақты шарттары негiзiнде электр және жылу энергиясы мен қуатының тұтынылуын, белгiленген тәртiппен жасалып, бекiтiлген қуат пен энергия жөнiндегi шектеулер кестелерiнiң орындалуын;
      кәсiпорындар, ұйымдар, тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыс мақсатындағы және коммуналдық шаруашылық объектiлерi жобаларының электр және жылу техникалық бөлiгiнiң жасалуын;
      тұтынушылардың электр және жылу энергиясын жұмсау нормаларын белгiлеуiн, бекiтуi мен сақтауын, энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарының енгiзiлуiн қайталама және дәстүрлi емес энергетикалық ресурстардың пайдаланылуын;
      электр және жылу энергиясын тұтынущылардың жұмыс iстеп тұрған, қайта жаңартылған, жаңғыртылған және жаңадан қосылған электр және жылу пайдаланатын қондырғылардың энергетикалық жабдықтарының баланстық энергетикалық сынақтарын жүргiзуiн;
      электр және жылу энергиясын өндiру, тасымалдау және тұтыну есебiнiң жайы мен жетiлдiруiн және қазiргi тарифтердi, оларға шегерiмдер мен үстемелердi қолданудың дұрыстығын;
      электр қуатын, энергия мен отынды тұтыну есебiне аспаптар мен автоматты жүйелердi жасап, қолданылуын;
      Энергетика өндiрiсi кәсiпорындарында және тұтынушыларға қызмет атқаратын энергетикалық қондырғыларында жұмыс iстейтiн қызметкерлерiн энергетикалық қондырғыларды техникалық жағынан қорғау ережелерi және пайдалану мен техника қауiпсiздiгi жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттар бойынша бiлiмдерiнiң дер кезiнде тексерiлуiн;
      энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу пайдаланылатын қондырғылардың жұмысындағы аварияны, сапасыздықты, тәртiп бұзушылықты тексерiлудiң ұйымдастырылуы мен сапасын, оларға есеп жүргiзiлуiн және тексеру актiлерiне сәйкес белгiленген шаралардың дер кезiнде орындалуын қадағалауды жүзеге асырады.
      6. Мемэнергияқадағалау өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды орындау мақсатында:
      республикада, аймақта, кәсiпорында электр және жылу энергиясының өндiрiлуiне, тасымалдануы мен пайдаланылуына талдау жасайды;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдар кәсiпорындарына және энергия мен отынды тұтынушыларға энергетикалық сараптама (сараптық тексеру), сондай-ақ қайта жаңартылған, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын кәсiпорындардың жобаларына өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша сараптама жүргiзедi;
      энергия мен отын өндiру, тасымалдау және тұтыну тәртiбiн, энергетикалық жабдықтарды, электр және жылу пайдаланылатын қондырғыларды пайдалану мен олардың қауiпсiз қызмет көрсету тәртiбiн реттейтiн салалық және салааралық нормативтiк-техникалық құжаттарының әзiрленуi мен қайта қаралуын ұйымдастырады;
      энергия үнемдеу жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың дәйектiлiкпен жүргiзiлуiне, кәсiпорындардың энергия үнемдеу жөнiндегi арнайы қорларының жұмсалуына қадағалау жасайды, энергия үнемдеу жөнiндегi қоғамдық қорларға көмек көрсетедi;
      электр және жылу энергиясын тұтынушылармен, халықты қосқанда, аварияның, өндiрiстiк жарақаттың алдын алу және энергияны үнемдеу мәселелерi бойынша ұйымдастыру және үгiт-көпшiлiк жұмыстарын жүргiзедi;
      энергия кәсiпорындары мен энергия тұтынушылардың энергетикалық қызмет орындары адамдары мен басшы қызметкерлерiнiң пайдалану және техника қауiпсiздiгi бойынша кәсiби бiлiмдерiн тексеру жөнiндегi бiлiктiлiк комиссияларының жұмысына қатысады;
      энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың және электр мен жылу энергиясын тұтынушылардың жаңа электр және жылу қондырғыларын, электр стансаларының энергетикалық жабдықтарын, қазандықтарын, электр, жылу жүйелерiн iске қосуға рұқсат бередi;
      Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр және жылу энергиясын тұтынушы арасындағы келiспеушiлiктердi қарап, олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
      энергетикалық жабдықтарды, электр және жылу пайдаланылатын қондырғыларды пайдалануға байланысты энергетикалық жабдықтар жұмысындағы аварияларды, сапасыздық пен тәртiп бұзушылықты, адам өлiмiмен аяқталған топтық, ауыр және қайғылы оқиғаларды тексеруге қатысады;
      энергетикалық объектiлер жұмысындағы тәртiп бұзушылықты есепке алу мен айқындау мәселелерi бойынша түпкiлiктi шешiм қабылдайды;
      электр қуатын, энергия мен отынды жұмсауды есептеу мен бақылаудың аспаптары мен автоматтандырылған жүйелерiн жасап, қолдануды ұйымдастырады, оларды жөндеудi және Қазақстан Республикасының Мемстандартымен келiсу бойынша тексерудi, сондай-ақ энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушы арасында даулар туа қалғанда энергия жұмсау есебiнiң есеп айырысу аспаптары мен жүйелерiнiң техникалық жағдайы туралы қорытынды берудi қамтамасыз етедi.
      7. Мемэнергияқадағалау энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға ұйымдастырушылық және техникалық көмек көрсетедi және шарттық негiзде жұмыстар мен қызмет көрсетудiң мынадай түрлерiн орындайды:
      электр және жылу энергиясының тиiмдi пайдаланылуын талдай отырып, кәсiпорындарды техникалық жағынан тексередi;
      электр үнемдеу жөнiндегi шараларды әзiрлеуге техникалық көмек көрсетедi;
      қайталама және дәстүрлi емес энергетикалық ресурстардың шын мәнiсiнде және пайдалану мүмкiндiгiне талдау жасайды;
      жұмыс iстеп тұрған энергетикалық жабдықтардың баланстық пайдалану сынақтарында және энергия үнемдеу жабдықтары мен технологияларының тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк сынақтарына қатысады;
      электр және жылу энергиясын тұтынуды есепке алудың жайына талдау жасайды және оны жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен техникалық шешiмдердi әзiрлейдi;
      энергетикалық қондырғыларға (жабдықтарға) қызмет көрсететiн адамдарды оқытады және Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қызметкерлер үшiн консультациялар өткiзедi.
 
                          III. Құқықтары
 
      8. Мемэнергияқадағалауға жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды орындау мақсатында энергетикалық қадағалау жөнiндегi барлық деңгейдегi мемлекеттiк инспекторларына мынадай құқықтар берiледi:
      тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, ұйымдардың энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және оларға қызмет көрсететiн адамдардың жұмысын қызмет куәлiгiн көрсетiп кедергiсiз көрiп, тексере алады;
      тексеру актiлерiн жасайды, Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша кәсiпорындардың басшыларына орындалуға мiндеттi ұйғарымдар мен нұсқаулар бере алады;
      адамдар өмiрiне нақ қауiп төнген жағдайда электр стансалары мен жүйелерiнiң энергетикалық жабдықтарының, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларының жұмысын дереу тоқтату жөнiнде шаралар қолданады;
      тұтынушылар энергия мен қуат тұтынуды белгiленген мөлшерге немесе шарттық шамаға дейiн азайту туралы талаптарды орындамаған жағдайда, оларға электр мен жылу энергиясын берудi белгiленген тәртiппен шектейдi;
      Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электр және жылу энергиясын тұтынушы арасында даулар туа қалған жағдайда төрелiк етушi болады;
      энергетикалық жабдықтарға, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларға қызмет көрсететiн адамдардың энергия қондырғыларын техникалық жағынан пайдалану ережелерiн және пайдалану мен техника қауiпсiздiгi жөнiндегi басқа да нормативтiк құжаттар бойынша кәсiби мамандығы бiлiмдерiн тексерудi дер кезiнде ұйымдастырып, жүргiзедi;
      энергетикалық жабдықтарды, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды пайдалануға байланысты болған өлiммен аяқталған авариялардың, топтық және ауыр қайғылы оқиғалардың болу жағдайы мен себептерiн тексеруге белгiленген тәртiппен қатысады;
      энергетикалық қондырғыларға қызмет көрсетушi кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерiн олар пайдалану және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелердiң, нұсқаулықтар мен басқа нормативтiк құжаттардың талаптарын өрескел бұзған жағдайда Техникалық пайдалану мен техника қауiпсiздiгi ережелерi жөнiндегi бiлiмдерiн кезектен тыс тексеру тағайындайды;
      қажет болған жағдайда энергетикалық кәсiпорындардың жұмысындағы тәртiп бұзушылықты тексеру жөнiндегi комиссиясының құрамына өзгерiстер енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      қадағалауға алынған кәсiпорындарда электр және жылу энергиясын қуаттылығы мен отын өндiру, тасымалдау және пайдалану жөнiндегi олар жасаған статистикалық және жедел есептемелерiнiң дұрыстығын тексередi;
      қажет болған жағдайда Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша энергетикалық сараптама өткiзу және қорытындылар әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу және жобалау институттары мен басқа да ұйымдардың мамандарын тартады;
      Солардың кiнәсiнен аварияға, бақытсыз оқиғаларға жол берiлген нормативтiк құжаттардың талаптарын өзге де өрескел бұзған, сондай-ақ Мемэнергияқадағалаудың ұйғарымнамаларын орындамаған адамдарды жауапкершiлiкке тарту туралы кәсiпорындардың, жоғары орындардың басшыларына ұсыныс жасайды немесе материалдарын прокуратураға жiбередi.
 
                         IҮ. Жауапкершiлiк
 
      9. Мемэнергияқадағалаудың басшылары мен лауазымды адамдары:
      қадағалауға алынған кәсiпорындардың ережелер мен нормативтiк құжаттар талаптарының орындалуына жасалған бақылаудың пәрмендiлiгi мен тиiмдiлiгi үшiн;
      қабылданған шешiмдер мен iс-қимылдың дұрыстылығы мен негiздiлiгi үшiн;
      энергетикалық жабдықтар жұмысындағы авариялардың, сапасыздық пен тәртiп бұзушылықтың, сондай-ақ энергетикалық жабдықтарды пайдалануға байланысты топтық және ауыр қайғылы оқиғалардың жағдайлары мен себептерiн тексерудiң дер кезiнде жүргiзiлуi мен сапасы үшiн;
      Мемэнергияқадағалаудың инспекторлық құрамының кәсiби даярлығы үшiн;
      Мемэнергияқадағалаудың құзыретiне кiретiн мәселелер жөнiнде енгiзiлетiн ұсыныстар мен берiлетiн нұсқаулар мен ұйғарымнамалардың негiздiлiгi мен сапасы үшiн;
      берiлген құқықтардың негiздi және дұрыс пайдаланылуы үшiн жауап бередi.
      10. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың iс-әрекетi жайында жоғары лауазымдағы адамдарға он күн мерзiмi iшiнде шағым жасалына алады. Шағым беру шағымдалған шешiмнiң (нұсқаудың, ұйғарымнаманың) орындалу қажеттiлiгiн тоқтата алмайды.
 
                          Ү. Басқаруды ұйымдастыру
 
      11. Мемэнергияқадағалау заңды тұлға болып табылады, оның есеп шоты және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi және Мемлекеттiк энергетикалық қадағалау атаулары қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 
      12. Мемэнергияқадағалау республикалық басқармадан және энергетикалық бiрлестiктердiң бұрынғы энергия қадағалау кәсiпорындары, энергия қадағалау басқармасы мен "Қазақстанэнерго" Мемлекеттiк электр энергетикасы компаниясының энергиятехинспекциясы негiзiнде құрылған филиалдар құқығындағы аймақтық басқармалардан тұрады.
      13. Мемэнергияқадағалауды және оның аймақтық органдарын ұстау шығындары сметасын Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсу бойынша бекiтедi және тұтынушыларға босатылатын электр және жылу энергиясы тарифтерiнiң құрылымында ескерiледi.
      14. Мемэнергияқадағалауды Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң бұйрығымен тағайындалатын бастық басқарады.
      Мемэнергияқадағалаудың бастығы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының энергетикалық қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы болып табылады.
      Мемэнергияқадағалау бастығының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң бұйрығымен тағайындалатын екi орынбасары болады, олар лауазымы бойынша энергетикалық қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспектордың орынбасарлары болып табылады.
      Мемэнергияқадағалаудың аймақтық басқармасының бастығы және оның орынбасарлары Мемэнергияқадағалау бастығының бұйрығымен тағайындалады.
      Мемэнергияқадағалаудың республикалық басқармасының бас мамандары, аймақтық басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарлары энергетикалық қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк аға инспекторлары болып табылады.
      Мемэнергияқадағалаудың жетекшi мамандары, аймақтық басқармалардың бас және жетекшi мамандары энергетикалық қадағалау жөнiндегi инспекторлар болып табылады.
      15. Мемлекеттiк энергетикалық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың белгiленген үлгi бойынша куәлiктерi болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады