Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік
емес сыртқы заем бойынша республикалық бюджет қаражатының шығысын
барынша азайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "1999 жылдың мамыры, маусымы үшін Қазақстан Республикасының
мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдар бойынша
алдағы және мерзімі өткен төлемдерді өтеу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 690
қаулысына
мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) аталған қаулыға 1-қосымшада:
ҚРІІМ ҚАЖД DM 01.05.98 1 665 088,46 1 665 088,46 0,00 0,00
ҚРІІМ ҚАЖД DM 01.11.98 2 074 653,96 1 665 088,46 409 565,50 0,00
деген жолдар
ҚРІІМ ҚАЖД EUR 01.12.98 865 242,50 532 091,38 205 328,15 127 822,97
деген жолдармен ауыстырылсын;
2) аталған қаулыға 2-қосымшада:
ҚРІІМ ҚАЖД EUR 01.05.99 985 149,44 851 346,00 133 803,24 0,00
ҚРІІМ ҚАЖД EUR 01.06.99 141 854,82 0,00 141 854,82 0,00
деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.