Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге рұқсат беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 9 тамыз N 1113

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 U962828_ заң күшi бар Жарлығының 12 және 14-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қостанай облысының Семиозер ауданындағы Приозерный кен орнындағы қоңыр көмiр өндiру үшiн "Приозерный разрезi" акционерлiк қоғамына 1995 жылғы 7 маусымда жер қойнауын пайдалану құқығына берiлген N 163 МГ сериялы лицензиясы негiзiнде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығын "Приозерный разрезi" Қазақстан-Ресей компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне беруге рұқсат етiлсiн.
      Көрсетiлген лицензия "Приозерный разрезi" Қазақстан-Ресей

 

компаниясы" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне қайта ресiмделсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгі

осы қаулыдан туындаған қажеттi шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М

    Омарбекова А.Т.      





О выдаче разрешения на передачу права недропользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 августа 1999 года № 1113

      В соответствии со статьями 12 и 14 Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, от 27 января 1996 года № 2828 "О недрах и недропользовании" U962828_ Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Разрешить акционерному обществу "Разрез Приозерный" передачу права недропользования, возникшего у него на основании лицензии серии МГ № 163 от 7 июня 1995 на право пользования недрами для разработки Приозерного месторождения бурых углей в Семиозерном районе Костанайской области, товариществу с ограниченной ответственностью "Казахстанско-Российская компания "Разрез Приозерный".
      Переоформить указанную лицензию на товарищество с ограниченной ответственностью "Казахстанско-Российская компания "Разрез Приозерный".
      2. Агентству Республики Казахстан по инвестициям принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан    



     (Специалисты: Склярова И.В.,

                   Кушенова Д.С.)