Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1191. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 732 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 732 қаулысымен.

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасына сәйкес республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру мәселелерiн ретке келтiру мақсатыңда Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жекешелендiрудiң мерзiмдерi мен түрлерiн айқындау үшін мүдделi министрлiктер мен ведомстволар өкiлдерiнiң қатысуымен жұмыс комиссиясын құрсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң 1999 жылғы
                                           "18 "тамыздағы N 1191
                                           қаулысымен бекiтiлген

            Республикалық меншiктегі жоғары оқу
         орындарын және ғылыми-техникалық саланың
         ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта
                  ұйымдастырудың Тәртібі

      Осы Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етіп қайта ұйымдастырудың тәртiбi "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру мен мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасының 5.5.-тармағына сәйкес әзiрлендi және республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың ерекшелiктерiн реттейдi. Z030415
 
                       1. Жалпы ережелер
 
      1. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру туралы шешiмдi мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi жеке тәртiпте қабылдайды.
      Құрылатын акционерлiк қоғамдар қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындарының және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарының құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мұрагері болып табылады.
 
      2. Республикалық меншiктегі жоғары оқу орындарын және
         ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк
              қоғамдар етiп қайта ұйымдастыру
 
      2. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары және ғылыми-техникалық саланың ұйымдары жарғылық капиталында мемлекет жүз процент қатысатын акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыруға жатады.
      3. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын жарғылық капиталына мемлекет жүз процент қатысатын акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен әрбiр жағдайда жеке түрде жүзеге асырылады.
      4. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру оған белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру сәтiнде ұйымның балансындағы мемлекеттік мүлiктi салым ретiнде енгiзу арқылы жүргiзiледi.
 
      3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың
             ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру
 
      5. Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерiнiң мүддесiн ескеру мақсатында оларды акционерлiк қоғамдар болып қайта ұйымдастырғаннан кейiн акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмiмен акциялардың қосымша эмиссиясымен жарғылық капиталын ұлғайтуға рұқсат етіледi.
      Акциялардың қосымша эмиссиясы қайта ұйымдастырылатын жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың қызметкерлерi құрған және белгіленген тәртiппен тiркелген заңды тұлғалардың арасында жабық тәсiлмен орналастырылады.
      Бұл ретте акциялардың қосымша эмиссиясының сомасы шығарылған жарғы капиталының жалпы мөлшерiнiң 25 процентiнен аспауы керек.
      6. Қосымша эмиссияның акцияларын орналастыруға осы эмиссияға уәкiлетті орган берген ұлттық бiрдейлендiру нөмiрi болған кезде ғана таратуға рұқсат етiледi.
      7. Қайта ұйымдастырылған жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саланың ұйымдары қызметкерлерi құрған заңды тұлғалар қосымша эмиссияның акцияларын төлеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Акцияларды төлеуге ақшадан басқа енгiзiлетiн салымды және оның бағасын аудитор растауы тиiс.
      Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.
 

Об утверждении Правил реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 августа 1999 года № 1191. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2014 года № 732

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.06.2014 № 696 (вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "Об акционерных обществах" и Программой приватизации и повышения эффективности управления государственным имуществом на 1999-2000 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 1999 года № 683, в целях упорядочения вопросов реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемые Правила реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности.
      2. Министерству науки и высшего образования Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан сформировать рабочую комиссию с участием представителей заинтересованных министерств и ведомств для определения сроков и видов приватизации высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 
         Премьер-Министр
       Республики Казахстан
                                                Утверждены
                                      постановлением Правительства
                                           Республики Казахстан
                                     от 18 августа 1999 года № 1191
 
 
                            Правила
         реорганизации в акционерные общества высших
       учебных заведений и организаций научно-технической
      сферы, находящихся в республиканской собственности
 
      Настоящие Правила реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об акционерных обществах" и разделом 5.5. Программы приватизации и повышения эффективности управления государственным имуществом на 1999-2000 годы, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 июня 1999 года № 683, и регламентируют особенности реорганизации в акционерные общества высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности. Z030415
 
                           1. Общие положения
 
      1. Решение о реорганизации высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, в акционерные общества принимается Правительством Республики Казахстан в индивидуальном порядке по представлению уполномоченного органа государственного управления.
      Создаваемые акционерные общества являются правопреемниками прав и обязанностей реорганизованных высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы.
 
              2. Реорганизация высших учебных заведений и
          организаций научно-технической сферы, находящихся в
                   республиканской собственности
 
      2. Высшие учебные заведения и организации научно-технической сферы, находящиеся в республиканской собственности, подлежат реорганизации в акционерные общества со стопроцентным государственным участием.
      3. Реорганизации высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, в акционерные общества со стопроцентным государственным участием в уставном капитале осуществляется в порядке, устанавливаемом Правительством Республики Казахстан в каждом случае индивидуально.
      4. Формирование уставного капитала общества производится посредством внесения в него в установленном порядке в качестве вклада государства имущества, числящегося на балансе организации на момент ее реорганизации.
 
            3. Учет интересов сотрудников высших учебных заведений
                   и организаций научно-технической сферы

      5. В целях учета интересов сотрудников высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, находящихся в республиканской собственности, после их реорганизации в акционерные общества, разрешается по решению общего собрания акционеров увеличение уставного капитала с дополнительной эмиссией акций.
      Дополнительная эмиссия акций размещается закрытым способом преимущественно среди юридических лиц, образованных сотрудниками реорганизованных высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы и зарегистрированных в установленном законодательством порядке.
      При этом сумма дополнительной эмиссии акций не должна составлять более 25 процентов от общего размера выпущенного уставного капитала общества.
      6. Размещение акций дополнительной эмиссии разрешается только при наличии у данной эмиссии национального идентификационного номера, присвоенного уполномоченным органом.
      7. Оплата акций дополнительной эмиссии юридическими лицами, созданными сотрудниками реорганизованных высших учебных заведений и организаций научно-технической сферы, производится в установленном законодательством порядке. Иной, кроме денег, вклад, вносимый в оплату за акции, и его оценка должны быть подтверждены аудитором.
(Специалисты: Склярова И.В., Кушенова Д.С.)