Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензия алымын төлеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 28, 337-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен шұғылдану құқығына лицензиялық алым төлеудің тәртібі туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда "Лицензиялық алым қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша төленеді."
2. Министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар бір ай мерзім ішінде бұрын қабылдаған шешімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 тамыздағы N 1218
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің
1995 жылғы 16 тамыздағы
N 1127 қаулысымен
бекітілген ережеге
қосымша
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу
құқығына лицензиялық алымның
ставкалары
Лицензияланатын қызмет түрлері Лицензиялық алымның
ставкалары айлық
есептік көрсеткіштерде
1 2
1. Азаматтар мен заңды тұлғаларға қызмет
көрсетуге байланысты қызметтерді лицензиялау
үшін лицензиялық алымның ставкалары:
1) нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру 10
құқығы бар орта, арнаулы орта білім беретін
оқу орындарының қызметі;
нақты мамандықтар бойынша дипломдар беру 10
құқығы бар жоғары білім беретін оқу
орындарының қызметі;
2) медициналық, дәрігерлік қызметпен айналысу; 10
мал дәрігерлігі қызметімен айналысу; 6
3) тыңшылық (детективтік) қызметке байланысты 6
мемлекеттік емес субъектілерге заң қызметін көрсету;
4) адвокаттық қызметтер көрсету; 6
5) адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заң 6
қызметтерiн көрсету;
6) нотариалдық қызмет көрсету 6
7) лотереяларды (мемлекеттiктен (ұлттықтан) басқа), 10
тотализаторларды, казиноларды ұйымдастыру және
өткiзу
8) қолма-қол шетелдiк валюта үшiн бөлшек сауданы 10
жүзеге асыру және қызметтер көрсету;
9) жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызмет; 6
10) заңды және жеке тұлғалардың күзет қызметiн 6
жүзеге асыру
2. Қаржылық қаражатты шоғырландыруға байланысты
қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық
алымның ставкалары:
11) банк операцияларын, сондай-ақ банк заңдарына 20
сәйкес банктер жүзеге асыратын өзге де операцияларды
жүзеге асыру, заңдарға сәйкес валюталық операцияларға
жатқызылатын шетелдiк валюталармен операцияларының,
клирингiлiк және есеп айырысу ұйымдарының қызметi,
банк қызметiн аудиторлық тексеру;
12) аудиторлық қызмет; 10
13) сақтандыру қызметi; 10
14) бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтер, 10
бағалы қағаздар мен сауда-саттық ұйымдастырушылардың
және бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың
өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметтерi;
15) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызмет; 10
16) зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру жөнiндегi 10
қызмет;
17) зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару 10
жөнiндегi қызмет;
18) инвестициялық қор қызметi; 10
3. Қауiптiлiгi жоғары және (немесе) ерекше
мемлекеттiк маңызы бар объектiлермен байланысты
қызметтi лицензиялау үшiн лицензиялық алымның
ставкалары.
19) қару-жарақ пен оларға оқ-дәрiлердi, әскери 22
техникалар мен қосалқы бөлшектердi, құрастырмалы
элементтер мен оларға тән аспаптарды, егер олар
басқа салаларда қолданылмайтын болса, сондай-ақ
оларды өндiру үшiн арнаулы материалдар мен
қондырғыларды әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату;
ақпаратты қорғаудың криптографиялық 9
құралдарын, арнаулы жедел-iздеу шараларын жүргiзу
үшiн арнаулы техникалық құралдарды әзiрлеу,
өндiру, жөндеу және сату;
20) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен 22
олар қолданылатын бұйымдарды әзiрлеу, өндiру және
сату;
21) ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi 186
қызметтердiң барлық түрi, бұған ракеталық-ғарыш
техникасын жасауды, өндiрудi, жөндеудi және
жетiлдiрудi қоса, оның жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
үшiн жер үстiндегi инфрақұрылымды (полигон,
командалық-өлшеу кешенi, стендалық база және
басқалар) пайдалану;
22) радиожиiлiк спектрiн пайдалану; 6
геостационарлық байланыс серiктерiнiң 186
орбиталарын пайдалану;
23) атом энергиясын пайдаланумен байланысты
қызмет түрлері оның iшiнде:
атом энергияларын пайдалану объектiлерiн 230
орналастыру, жобалау, салу, iске қосу, пайдалану,
қайта құру, консервация және пайдаланудан шығару;
радиоактивтi қалдықтармен жұмыс iстеу; 230
ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды 230
физикалық қорғау;
ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi бақылау 100
жөнiндегi қызметтер
радиоэкологиялық зерттеулер мен радиациялық 100
сауықтыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
ядролық жарылыс жасалатын жерлердегi қызметтiң 50
барлық түрлерi;
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде 50
ядролық материалдар мен радиоактивтi заттарды
тасымалдау (транзиттi қоса);
атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет 10
үшiн адамдар мен мамандарды даярлау және
аттестациялау;
24) арнаулы қорғану құралдарын қолданудың 200
қажетiнсiз оларды пайдалануға рұқсат етiлетiн
нормадан артық мөлшерде радиоактивтi заттары бар
өнiмдердi дайындау және сату;
25) электр және жылу энергиясын өндiру, беру және 10
бөлу;
26) босаған әскери-техникалық құралдарды жою 22
(құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
10
27) өнеркәсiптiк жарылу-өрт қаупi бар және тау-кен
өндiрiстерiн, магистралды газ, мұнай өнiмдерi желiлерін
көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс
iстейтiн қазандарды, түтiктер мен құбыр
желiлерiн жобалау салу және пайдалану;
28) химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсiпшiлiгi, 10
геологиялық барлау, кен-шахта жабдықтарын
жарылудан қорғайтын электротехникалық
қондырғыларды, аппаратуралар мен бақылау,
аварияға қарсы қорғану мен белгi беру жүйелерiн,
көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен
жұмыс iстейтiн қазандарды, түтiктер мен құбыр
желiлерiн дайындау, монтаждау және жөндеу;
29) жер қойнауын пайдалану кезiндегi маркшейдерлiк 10
жұмыстар өндiрiсi;
30) атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 7
және оның оғын, суық қаруларды өндiру, жөндеу,
сауда жасау;
атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 5
және оның оғын, суық қаруларды алу, сәнге жинау;
атылатын азаматтық және қызметтiк қаруларды 11
және оның оғын, суық қаруларды жасау, көрмеге
қою;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 5
қолданылатын бұйымдарды жасау, сауда жасау, сәнге
жинау;
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар 11
қолданылатын бұйымдарды өндiру, алу, көрмеге қою;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарымен сауда 5
жасау, сәнге жинау, алу;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарын жөндеу, 10
көрмеге қою;
өзiн-өзi қорғаудың химия құралдарын әзiрлеу, 7
өндiру;
31) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық 10
объектiлердi газдандыру жөнiндегi өндiрiстiк, жөндеу
және құрылыс жұмыстары;
32) күзет, өрт белгiсiн беру және өртке қарсы 10
автоматика құралдарын жобалау, монтаждау, жолға
қою және техникалық қызмет көрсету;
өртке қарсы техниканы, өртке қарсы қорғану 10
жабдықтары мен құралдарын өндiру және сату;
33) жолаушылар лифтiлерiн монтаждау, жөндеу және 10
қызмет көрсету;
34) өндiрiстiк және тұрғын үй-азаматтық объектiлерiн 10
дезинфекциялау мен дезодорациялау;
35) рентген жабдықтарын және радиоактивтi заттар 200
мен изотоптар пайдаланылатын аспаптар мен
жабдықтарды әзiрлеу, өндiру және сату;
36) жолаушылар мен жүктердi тасымалдау:
темiржолмен; 3
өзенмен, теңiзбен; 3
әуе көлiгiмен; 15
автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және 3
жүктердi халықаралық тасымалдау;
көлiктiң барлық түрлерiмен қауiптi жүктердi 3
тасымалдау;
авиациялық жұмыстар; 15
37) әуежайларда әуе кемелерiне, жолаушылар мен 10
жүктерге қызмет көрсетуге байланысты әуежайлық
қызметтер;
38) технологиялық және iшкi өндiрiстiк мақсаттағы, 6
сондай-ақ курьерлiк қызметтер көрсетудi қоспағанда,
почта байланысы мен телекоммуникация саласындағы қызмет;
39) ақпараттарды қорғаудың техникалық құралдарын, 9
ақпараттарды өңдеудiң қорғалған техникалық
құралдарын әзiрлеудi, жасауды, дайындауды,
монтаждауды, iске қосуды және сервистiк қызмет
көрсетудi қосқанда, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк құпияларын техникалық қорғау
жөніндегі қызметтің барлық түрлері;
40) байланыстың жалпы республикалық магистральды 6
және халықаралық желілерін жобалау, салу және
пайдалану;
41) топографиялық-геодезиялық және картографиялық 10
жұмыстарды жүргізу мен топографиялық-геодезиялық
және картографиялық өнімдерді сату;
42) емдік препараттарды (есірткі және психотроптық
заттары жоқ жануарлардың, өсімдіктер мен шөптердің
шипалы өнімдерін өсіру, жинау мен сатудан басқа)
дайындау және сату; 10
43) минералдық шикізат өңдеу;
44) жобалау-іздестіру, сарапшылық, құрылыс-монтаж 10
жұмыстары, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен
конструкцияларды өндіру жөніндегі жұмыстар;
45) өлшеу құралдарын тексеру; 10
46) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру; 36
этил спиртін сақтау және сату; 14
алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме сауда 14
мен сату (сырадан басқа);
алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек 10
саудасы;
47) Қазақстан Республикасының кеден заңдарына *
сәйкес жекелеген кеден режимдерiнiң шегiнде
жүзеге асырылатын қызмет, сондай-ақ кедендiк
қызмет көрсетулер;
48) бағалы қағаздардың бланкiлерiн, сондай-ақ 10
елтаңбалық қағаздарды, чектiк кiтапшалар мен
депозиттiк сертификаттардың бланкiлерiн жасау
және әкелу;
* кәсіпкерлік қызметтің аталған түрлері үшін
лицензиялық алымның ставкасы жеке нормативтік
құқықтық актімен белгіленеді.
49) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс 10
күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
байланысты қызметтер;
50) заңды тұлғалардың түстi және қара металдардың 10
сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы),
сақтауы, өңдеуi және сатуы;
51) сот-сараптау қызметi; 6
52) археологиялық, тарихи және мәдени 10
ескерткiштердi жаңғырту жұмыстары;
53) есiрткi, психотроптық заттардың,
прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет:
әзiрлеу, өндiру, қайта өңдеу, тасымалдау, қайта 20
жiберу, алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою;
есiрткi және психотроптық заттары бар 20
өсiмдiктер мен шөптердi өсiру, жинау, дайындау.
4. Өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) 6
экспорты мен импортын лицензиялау үшiн
лицензиялық алымның ставкалары
5. Табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған
ортаны қорғау жөнiндегі қызметтi лицензиялау үшiн
лицензиялық алымның ставкалары:
экологиялық аудиторлық қызмет, шаруашылық қызметтiң 6
экологиялық қауiптi түрлерi; табиғи ресурстарды
олар туралы заңдарға сәйкес пайдалану;
қоршаған ортаға ластанған заттарды тастауды
(шығаруды) жүзеге асыру; қоршаған орта мен халықтың
денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн
өндiріс пен тұтыну қалдықтарын көму және сақтау;
табиғат қорғауды жобалау, нормалау және экологиялық
сараптама саласындағы жұмыстар.