Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Дүниежүзiлiк Почта Одағының ХХII Конгресiнiң қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының атынан шарттар жасасу жөнiнде:
1) Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгi жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнының бас директоры Оразалы Сәнтайүлы Ержановқа;
2) Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі жанындағы Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны бас директорының орынбасары Евгений Евгеньевич Доминовке өкiлеттiк берiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі