1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң мынадай ведомстволары таратылсын:
1) Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетi;
2) Өсiмдiктердi қорғау комитетi;
3) Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитет.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған комитеттердi таратуды жүзеге асырсын.
3. Жоғарыда аталған ведомстволар таратылғаннан кейiн қалған мүлiктерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгіне берiледi деп айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн осы қаулыға сәйкестендiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 сәуiрдегi N 476 P990476_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N15, 152 құжат);
2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Мал дәрiгерлiк қадағалау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 сәуiрдегi N 494 P990494_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 161-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 498 P990498_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 15, 162-құжат); 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы N 1093 P991093_ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 17,19 және 20-тармақтары. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Омарбекова А. Нарбаев Е.