"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Z970136_ Заңын iске асыру мақсатында және "Мiндеттi зейнетақы жарналарын ұстап қалудың және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы N 245 P990245_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Заңды тұлғаларға, сондай-ақ кәсiпкерлiкпен және өзге де қызметпен заңды тұлға құрмай айналысатын жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп 1999 жылдың 1 шiлдесiне дейiн жұмысқа қабылданған қызметкерлерге әлеуметтiк жеке кодтар тағайындау жөнiндегi жұмысты 1999 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн аяқтау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне екiншi деңгейдегi банктердiң
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару
жөнiндегi төлем тапсырмасын оған қоса берiлетiн жеке тұлғалар тiзiмiнде
әлеуметтiк жеке кодын көрсете отырып қабылдаудың шарттарын орындауын
қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Осы қаулы баспасөзде жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.