Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібі туралы ережені бекіту және өкілдік шығыстардың нормалары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1299. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.05. N 846 қаулысымен. ~P000846

      Бюджеттiк қаражатты үнемдеу режимiн күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлудiң тәртiбi туралы ереже;
      2) өкiлдiк шығыстардың нормалары бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне өкiлдiк шығыстар үшiн жергiлiктi бюджеттен қаражатты жергiлiктi атқарушы және өкілдi органдарға бөлудiң тәртiбi туралы осы секiлдi ереженi әзiрлеу және бекiту ұсынылсын.
      3. "Республикаға келген шетел делегациялары мен жеке адамдарды

мемлекеттiк басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындардың, 
ұйымдар мен мекемелердiң қабылдауына және оларға қызмет көрсетуiне 
мемлекеттiк бюджеттен бөлiнетiн қаржыны жұмсаудың тәртiбi туралы" 
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 17 тамыздағы N 
685 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 33, 
500-құжат) күші жойылды деп танылсын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
                                    Қазақстан Республикасы
                                        Үкіметінің
                                    1999 жылғы 2 қыркүйектегі
                                       N 1299 қаулысымен
                                           бекітілген
     
     Республикалық бюджеттік бағдарламалардың
    әкімшілеріне өкілдік шығыстар үшін республикалық
      бюджеттен қаражатты бөлудің тәртібі туралы
                      Ереже
     
              1. Жалпы ережелер
     
     1. Осы Ереже республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 
өкілдік шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлудің тәртібін 
айқындайды.
     2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
     Өкілдік шығыстар - шетел делегацияларын қабылдау, кеңестерді, 
семинарларды, салтанатты және ресми шараларды өткізу үшін тиісті қаржы 
жылына арналған республикалық бюджетте көзделген және республикалық 
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бөлінетін қаражат.
     Өкілдік шығыстарға мыналарға арналған шығыстар жатады:
     1) ресми түстіктер, кешкі астар, кофе-брейктер, фуршеттер;
     2) музыкамен сүйемелдеу;
     3) кәде сыйлар, естелік сыйлықтар сатып алу;
     4) автокөлік қызметтері;
     5) аудармашылардың көрсеткен қызметтерiне төлем жасау;
     6) залды жалдау;
     7) Қазақстан Республикасының Үкiметi (Премьер Министрi) шешетiн өзге 
де шығыстар. 
     2. Өкілдiк шығыстар үшiн республикалық бюджетте
     көзделген қаражатты болу және пайдаланудың тәртiбi 


      3. Өкiлдiк шығыстар үшін республикалық бюджеттен қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Өкiлдiк шығыстар үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы республикалық бағдарламалар әкiмшілерінің өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) шараны өткiзу қажеттілігiне деген негiздеме;
      2) ресми делегацияның келу бағдарламасы;
      3) шараның әзiрлiк жұмыс жоспары;
      4) қатысушылардың күтiлетiн саны;
      5) белгіленген нормалар шегiнде, шығыстардың әрбiр бабына негізделген, шығыстардың сметасы;
      6) шығыстардың сметалары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қорытындысы бар болған жағдайда қарайды.
      5. Осы Ереженiң 2-тармағының 2), 3), 6)-тармақшаларында көрсетілген шығыстардың баптары бойынша көрсетiлген шығыстардың баптары бойынша көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйымдардың калькуляцияларын және реквизиттерін республикалық бағдарламалардың әкiмшiлерi көрсете отырып, растайтын құжаттарды тапсырады.

        3. Бақылау және есептілік

      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі өкілдік шығыстар үшін

бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
     7. Өкілдік шығыстар үшін қаражатты алған республикалық 
бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 
белгіленген тәртіпте және мерзімде бөлінген қаражаттың пайдаланылуы, 
орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті тапсыруы тиіс.
     8. Өкілдік шығыстар үшін бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді 
пайдаланылуына жауапкершілік қаражатты алушыға жүктеледі.
     
        
                                   Қазақстан Республикасы
                                        Үкіметінің
                                  1999 жылғы 2 қыркүйектегі
                                N 1299 қаулысымен бекітілген

               Өкілдік шығыстардың
                    Нормалары 
     
     Шығыстардың атауы                    Құны теңгемен
     
     1. Ресми түстіктерді, кешкі
     астарды беруге арналған шығыстар
     делегация үшін күніне бір адамға      6 500-ге дейін
     есептелген есепке негізделіп
     жүргізіледі.
     2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар
     шаралары уақытында, аудармашылар мен  1 040-қа дейін
     еріп жүрген адамдарды қоса алғанда,
     күніне бір адамға арналған буфеттік
     қызмет көрсету
     3. Мемлекеттік орган штатында тұрмайтын,  700-ге дейін
     делегацияны қабылдайтын аудармашының
     еңбегіне ақы төлеу (сағатына)             700-ге дейін
     4. Көлік шығыстарын төлеу (сағатына)
     
     Ескерту:


      1. Шетел делегацияларына автомобиль көлігімен қызмет көрсетуге арналған шығыстар, сағаттық төлем есебіне негізделіп шығыстар сметасында көзделеді.
      2. Шетел делегацияларын ресми қабылдауға байланысты түстік, кешкі ас

немесе басқа осы осы секілді шаралар кезінде Қазақстан Республикасының 
тарапынан қатысушылардың саны шетел делегацияларының тарапынан 
қатысушылардың санынан аспауы тиіс.
     3. Делегацияның құрамы 5 адамнан көп болған кезінде делегацияға 
қызмет көрсететін ілесіп жүрген адамдар мен аудармашылардың саны делегация 
мүшелерінің кем дегенде 5 адамына 1 аудармашыдан немесе ілесіп жүрушіден 
негізделіп айқындалуы тиіс.
     
     
   Оқығандар:
   Қобдалиева Н.
   Қасымбеков Б.            
     
     
     
      
      


Об утверждении Правил о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы и норм представительских расходов

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года N 1299. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 5 июня 2000 г. N 846 ~P000846.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 05.06.2000 № 846.

      В целях усиления режима экономии бюджетных средств Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Правила о порядке выделения администраторам республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета на представительские расходы;

      2) нормы представительских расходов.

      2. Рекомендовать акимам областей и городов Астаны и Алматы разработать и утвердить аналогичные Правила о порядке выделения местным исполнительным и представительным органам средств из местных бюджетов на представительские расходы.

      3. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 августа 1992 года № 685 P920685_ "О порядке расходования средств, выделяемых из государственного бюджета на прием и обслуживание прибывающих в республику иностранных делегаций и отдельных лиц органами государственного управления, а также


      государственными предприятиями, организациями и учреждениями" (САПП

      Республики Казахстан, 1992 г., № 33, ст.500).

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 сентября 1999 года № 1299
Правила
о порядке выделения администраторам
  республиканских бюджетных программ средств из
  республиканского бюджета на представительские
  расходы
  1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определяют порядок выделения администраторам


      республиканских бюджетных программ средств из республиканского бюджета

      на представительские расходы.

      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:

      Представительские расходы - средства, предусмотренные в

      республиканском бюджете на соответствующий финансовый год и выделяемые

      администраторам республиканских бюджетных программ на прием

      иностранных делегаций, проведение совещаний, семинаров, торжественных и

      официальных мероприятий.

      К представительским расходам относятся расходы на:

      1) официальные обеды, ужины, кофе-брейки, фуршеты;

      2) музыкальное сопровождение;

      3) приобретение сувениров, памятных подарков;

      4) автотранспортное обслуживание;

      5) оплату услуг переводчиков;

      6) аренду зала;

      7) иные расходы, разрешаемые Правительством Республики Казахстан

      (Премьер-Министром).

      2. Порядок выделения и использования средств,

      предусмотренных в республиканском бюджете

      на представительские расходы

      3. Выделение средств из республиканского бюджета на представительские

      расходы осуществляется на основании решения Правительства Республики

      Казахстан.

      4. Просьбы администраторов республиканских программ о выделении

      средств из республиканского бюджета на представительские расходы

      рассматриваются Правительством Республики Казахстан при наличии:

      1) обоснования необходимости проведения мероприятия;

      2) программы пребывания официальной делегации;

      3) рабочего плана подготовки мероприятий;

      4) ожидаемого количества участников;

      5) сметы расходов, с обоснованием каждой статьи расходов, в пределах

      установленных норм;

      6) заключения Министерства финансов Республики Казахстан по смете

      расходов.

      5. По статьям расходов, обозначенных в подпунктах 2), 3), 6) пункта 2 настоящих Правил, администраторами республиканских программ представляются подтверждающие документы с указанием калькуляции и реквизитов организации, предлагающей указанные услуги.


      3. Контроль и отчетность

      6. Министерство финансов Республики Казахстан осуществляет контроль за расходованием средств, выделяемых на представительские расходы.

      7. Администраторы республиканских программ, получившие средства на представительские расходы, должны представлять отчет об использовании выделенных средств, объемах и стоимости выполненных работ в порядке и сроки, установленные Министерством финансов Республики Казахстан.

      8. Ответственность за целевое и эффективное использование средств, выделенных на представительские расходы, возлагается на получателя средств.


  Утверждены
 
 
  постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 сентября 1999 года № 1299
 
 
  Нормы
  представительских расходов
 

      --------------------------------------------------------------------------

      Наименование расходов ! Стоимость в тенге

      --------------------------------------------------------------------------

      1. Расходы на проведение официальных

      обедов, ужинов производятся для

      делегации из расчета на одного человека

      в день до 6 500

      2. Буфетное обслуживание во время

      переговоров, мероприятий культурной

      программы на одного человека в день,

      включая переводчика и сопровождающих

      лиц до 1 040


      3. Оплата труда переводчика, не

      состоящего в штате государственного

      органа, принимающего делегацию (в час) до 700


      4. Оплата транспортных расходов (в час) до 700

      Примечание:

      1. Расходы на обслуживание иностранных делегаций автомобильным транспортом предусматриваются в сметах расходов из расчета почасовой оплаты.

      2. Во время обеда, ужина или другого аналогичного мероприятия, связанного с официальным приемом иностранных делегаций, количество участников со стороны Республики Казахстан не должно превышать количество участников со стороны иностранных делегаций.

      3. При составе делегации свыше 5 человек, количество сопровождающих лиц и переводчиков, обслуживающих делегацию, должно определяться из расчета 1 переводчик или сопровождающий не менее чем на 5 членов делегации.


      (Специалисты: Склярова И.В.,

      Кушенова Д.С.)