1999 жылғы 17 тамызда Түрік Республикасында болған жер сілкінісінен зардап шеккендерге қосымша ізгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 2 қыркүйек N 1300

      1999 жылғы 17 тамызда Түрiк Республикасында болған жер сiлкiнiсiнен зардап шеккендерге қосымша iзгiлiк көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгінiң жер сiлкiнiсiнiң нәтижесінде зардап шеккен Түрiк Республикасының халқына 200 шатыр, дәрi-дәрмектер, медициналық құралдар және гемотрансфузиондық көмек түрiнде, 1000 зардап шегушiге жалпы сомасы 13 660 342 (он үш миллион алты жүз алпыс мың үш жүз қырық екi) теңге көмек көрсету туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегі комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк материалдық резервiнен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгiне 4 000 000 (төрт миллион) теңге сомаға 200 (екi жүз) шатыр босатуды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi 1, 2-қосымшаларға (құпия) сәйкес Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығының жұмылдырушылық резервiнен жалпы сомасы 6 592 342 (алты миллион бес жүз тоқсан екi мың үш жүз қырық екi) теңге дәрi-дәрмектер мен медициналық құралдар және Республикалық апаттар медицинасы орталығының ағымдағы үлесiнен жалпы сомасы 3 068 000 (үш миллион алпыс сегiз мың) теңге гемотрансфузиондық көмек босатуды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi қосымша iзгiлiк көмек жүгiн Алматы қаласынан арналған жерiне жедел жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қосымша iзгiлiк көмектi Түрiк Республикасының аумағында қарсы алуды және оны арналған жерiне берудi ұйымдастырсын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн мемлекеттiк мұқтаждарға көзделген қаражаттан iс жүзiнде ұсынылған құжаттар бойынша мынадай шығындарды:
      1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi мемлекеттiк материалдық резервтен шатырлардың запасын қалпына келтiруге байланысты шығыстарды өтеуге 4 000 000 теңге;
      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi Республикалық арнаулы медициналық қамтамасыз ету орталығының жұмылдырушылық резервiне 6 592 342 теңге сомасына дәрi-дәрмектердi, медициналық құралдарды және Республикалық апаттар медицинасы орталығына 3 068 000 теңге сомасына гемотрансфузиондық көмектің ағымдағы үлесiн

 

қалпына келтiруге байланысты шығыстарды өтеуге;

     3) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгі

40 000 теңге сомасына Түрiк Республикасына жүктердi тасымалдауға

байланысты көлiктiк шығындарды өтеуге қаржыландырсын.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Об оказании дополнительной гуманитарной помощи пострадавшим от землетрясения 17 августа 1999 года в Турецкой Республике

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 сентября 1999 года № 1300

      В целях оказания дополнительной гуманитарной помощи пострадавшим от землетрясения 17 августа 1999 года в Турецкой Республике Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Министерства иностранных дел Республики Казахстан об оказании дополнительной гуманитарной помощи населению Турецкой Республики, пострадавшему в результате землетрясения, в виде 200 палаток, лекарственных препаратов, медицинских средств и гемотрансфузионной помощи на общую сумму 13 660 342 (тринадцать миллионов шестьсот шестьдесят тысяч триста сорок два) тенге на 1000 пострадавших.
      2. Комитету по государственным материальным резервам Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан осуществить выпуск из государственного материального резерва Республики Казахстан 200 (двести) палаток на сумму 4 000 000 (четыре миллиона) тенге Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям.
      3. Министерству здравоохранения, образования и спорта Республики Казахстан осуществить выпуск из мобилизационного резерва Республиканского центра специального медицинского обеспечения лекарственных препаратов и медицинских средств на сумму 6 592 342 (шесть миллионов пятьсот девяносто две тысячи триста сорок два) тенге и из текущего довольствия Республиканского центра медицины катастроф гемотрансфузионной помощи на сумму 3 068 000 (три миллиона шестьдесят восемь тысяч) тенге согласно приложениям 1, 2 (секретно).
      4. Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям обеспечить оперативную доставку груза дополнительной гуманитарной помощи из города Алматы по назначению.
      5. Министерству иностранных дел Республики Казахстан организовать встречу дополнительной гуманитарной помощи на территории Турецкой Республики и передачу ее по назначению.
      6. Министерству финансов Республики Казахстан профинансировать затраты по фактически предъявленным документам из средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 1999 год на неотложные государственные нужды:
      1) Комитету по государственным материальным резервам Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан на возмещение расходов, связанных с восполнением запасов палаток в государственном материальном резерве, 4 000 000 тенге;
      2) Министерству здравоохранения, образовния и спорта Республики Казахстан на возмещение расходов, связанных с восполнением лекарственных препаратов, медицинских средств на сумму 6 592 342 тенге в мобилизационный резерв Республиканского центра специального медицинского обеспечения и текущего довольствия гемотрансфузионной помощи на сумму 3 068 000 тенге в Республиканский центр медицины катастроф.
      3) Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям на возмещение транспортных расходов, связанных с транспортировкой груза в Турецкую Республику, на сумму 40 000 тенге.
      7. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан           



     (Специалисты: Склярова И.В.,

                   Кушенова Д.С.)