Астана қаласындағы ғимараты салынып жатқан Министрліктер үйін пайдалануға уақытында беруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің:
Министрліктер үйі ғимаратын салуға арналған бас мердігерлік шартында көзделмеген, көрсетілген шарт бойынша бас мердігер болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік "Базис-А" корпорациясынан, бір көзден тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу туралы;
Министрліктер үйінің ғимаратына орналастыруға жататын мемлекеттік органдар үшін жиһаз дайындаушы зауыт ерекшелігінің өзгерісін және сатып алынатын саны көлемінің азайтылуын ескере отырып, Министрліктер үйінің ғимараты үшін жиһаздарды жеткізуші болып табылатын "TBN" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасасқан 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1 жиһаздарды жеткізу шартын қайта жасасу туралы.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.28. N 1461
қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылдың 17
қыркүйегіне дейінгі мерзімде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген
мемлекеттік сатып алуды жүргізуді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сатып алу агенттігімен келіссін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.