Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1331 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1461

      Салық және кеден заңдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын қосылған құнға салынатын салықты төлеуден және кеден бажынан босату бөлігіндегі өзгерістерге сәйкес және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Астана қаласындағы Министрліктер үйі ғимаратын салуды аяқтаудың мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1331 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Министрліктер үйінің ғимаратына орналастыруға жататын мемлекеттік

 

органдар үшін жиһаз дайындаушы зауыт ерекшелігінің өзгерісін және сатып

алынатын саны көлемінің азайтылуын ескере отырып, Министрліктер үйінің

ғимараты үшін жиһаздарды жеткізуші болып табылатын "TBN" жауапкершілігі

шектеулі серіктестігімен жасасқан 1998 жылғы 18 желтоқсандағы N 1

жиһаздарды жеткізу шартын қайта жасасу туралы".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады