1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері
туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы N 592 P990592_ қаулысына мынадай толықтыру және өзгеріс енгізілсін: 1) 2-тармақтағы "екі" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) Аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымындағы "Басшылық" деген сөзден кейін "Үкіметтік ақпарат бөлімі" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.