Қарамағындағы жердің қажеттігі болмауына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" U952717_ заң күші бар Жарлығының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқындағы "Октябрьский" және "Бурненский" мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жер пайдалануындағы жерлер қосымшаға сәйкес алынсын және босалқы жер құрамына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер
ресурстарын басқару жөніндегі комитеті аталып отырған жер пайдаланушылардың
жер-есеп құжаттамасына өзгеріс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 10 қыркүйектегі
N 1356 қаулысына қосымша
"Октябрьский" және "Бурненский"
МАК-нан алынып тұрақты жер пайдаланысына
бекітілген жерлердің
Экспликациясы
Жер Жалпы Егістік Жайылым Барлық
пайдаланушылардың ауданы ауыл шаруашылығы
атауы (га) алқаптары
Барлы Оның барлығы Оның ішінде
ғы ішінде суармалысы
суармасы
"Октябрьский" 7044 6166 2037 516 6855 2037
мемлекеттік
ауыл шаруашылығы
кәсіпорны
"Бурненский" 12908 8586 2393 3321 12168 2393
мемлекеттік
ауыл шаруашылығы
кәсіпорны
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.