Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Кеден одағы үкімет басшылары кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) мәжілісі 1999 жылғы 24 қыркүйекте Астана қаласында өткізілсін.
Қоса беріліп отырған:
Кеңестің кезекті мәжілісінің негізгі іс-шараларының бағдарламасы;
Кеңестің жұмысына қатысу үшін Қазақстан Республикасы ресми делегациясының құрамы бекітілсін.
2. Министрліктер, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) мәжіліс шеңберінде кездесу үшін көзделген ауқымда іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етсін, ресми делегациялардың мүшелерін, сарапшыларды және бірге жүретін адамдарды орналастыру мен оларға қызмет көрсету, баспа өнімдерін әзірлеу мен кәдесыйларды сатып алу жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
3. Министрліктер мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесі:
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін жауапты етіп белгілей отырып, кездесу шеңберіндегі іс-шараларға құжаттық, ақпараттық және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін;
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен (келісім бойынша), Сыртқы істер министрлігімен, Республикалық ұланмен (келісім бойынша) бірлесе отырып, Кеңеске мүше мемлекеттердің ресми делегацияларын әуежайда қарсы алу мен шығарып салуды және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің атынан Кеңеске қатысушы мемлекеттердің үкімет басшылары құрметіне ресми қабылдау өткізуді ұйымдастырсын.
4. Кеңеске мүше мемлекеттердің делегацияларына қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында оларға қосымшаға сәйкес министрліктер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен үкімет басшылары арнайы ұшақтарының Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз ұшуын қамтамасыз етсін. Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі арнайы ұшақтарға техникалық қызмет көрсетуді, тұрағын және жанар май құюды ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі (келісім бойынша) Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі үкімет басшыларының қауіпсіздігін, әуежайда, делегацияның жол жүру бағыттары бойынша және болатын орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
7. Астана қаласының әкімі заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен ресми делегацияларды қарсы алу мен шығарып салу жөніндегі барлық ұйымдастыру іс-шараларын орындауды, жол жүру бағыттарын, Астана қаласының әуежайы мен көшелерін безендіруді қамтамасыз етсін.
8. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі ресми мәжіліс шеңберіндегі іс-шараларды кеңінен
көрсетуді қамтамасыз етсін.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі кездесу
шеңберіндегі іс-шараларды өткізуге арналған шығыстарды заңдарда
белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке өкілдік шығыстарға
көзделген қаражаттың есебінен жүргізсін.
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1392 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағы үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінің негізгі
іс-шараларының
Бағдарламасы
_________________________________________________________________________
Рет Іс-шаралардың Атқарылу Атқарылуына
саны атауы мерзімі жауаптылар
N
_________________________________________________________________________
1 2 3 4
_________________________________________________________________________
1 Кеден одағына қатысушы 11 қыркүйекке Сыртқы істер министрлігі,
мемлекеттермен мәжіліс. дейін Қазақстан Республикасы
тің мерзімдері мен Премьер-Министрі Кеңсесінің
бағдарламасын келісу Сыртқы экономикалық байланыс.
тар және протокол бөлімі,
Интеграциялық комитет
(келісім бойынша)
2 Негізгі делегацияның, -//- Сыртқы істер министрлігі,
бірге жүретін адамдардың, Қазақстан Республикасы
сарапшылардың құрамы Премьер-Министрі Кеңсесінің
жөнінде ұсыныстар Сыртқы экономикалық байланыстар
әзірлеу және протокол бөлімі
3 Кеден одағына қатысушы 20 қыркүйекке Көлік, коммуникациялар және
мемлекеттердің тиісті дейін, туризм министрлігі, Қорғаныс
органдарымен Қазақстан. мәжіліс министрлігі, Сыртқы істер
ның аумағынан арнайы кезеңінде министрлігі
ұшақтардың ұшып өтуі,
олардың тұрақтары,
қызмет көрсету және
жанар май құю мәселе.
лерін келісу
4 Астана қаласының әуе. 22 қыркүйекке Астана қаласының әкімі,
жайын, делегациялардың дейін Президенттің Іс Басқармасы
жол жүру бағыттары (келісім бойынша)
бойынша көшелерді
безендіру
5 Мәжілісті протоколдық мәжіліс Сыртқы істер министрлігі,
қамтамасыз ету кезеңінде Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі Кеңсесінің
Сыртқы экономикалық байланыстар
және протокол бөлімі
6 Әуежайда, жол жүру -//- Президенттің Күзет қызметі
бағыттарында делегация. (келісім бойынша), Ішкі істер
лардың қауіпсіздігін министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік
қамтамасыз ету комитеті (келісім бойынша)
7* Кеден одағына қатысушы 15 қыркүйекке Қаржы министрлігі, Астана
мемлекеттер делегация. дейін қаласының әкімі
ларының болуын қаржы.
ландыруды қамтамасыз
ету
8 Делегацияларды мәжіліс Президенттің Іс басқармасы
қабылдаудың жағдайлары уақытысында (келісім бойынша), Сыртқы
мен шаруашылық тұрғы. істер министрлігі
сында қызмет көрсету
мәселелерін айқындау
(орналастыру, тамақ.
тандыру, көліктік
қызмет көрсету), ескерткіш
кәдесыйларды әзірлеу
* Сарапшылардың, бірге жүретін және шақырылған адамдардың тұруы
мен тағамына байланысты шығыстарды жіберетін тараптар көтереді.
9 Делегациялар мүшеле. -//- Президент Іс басқармасының
ріне медициналық медициналық орталығы
қызмет көрсету (келісім бойынша)
10 Кеден одағы үкімет -//- Президенттің Іс басқармасы
басшыларының құрметіне (келісім бойынша)
Премьер-Министр атынан
ресми қабылдау ұйымдастыру
11 Беларусь Республикасының, 15 Сыртқы істер министрлігі
Қырғыз Республикасының, қыркүйекке (шақыру), мәжілістің күн
Ресей Федерациясының дейін тәртібіне сәйкес министрліктер
және Тәжікстан Республи. мен ведомстволар
касының басшылығымен
келіссөздерге тезистер:
басшылар туралы өмірбаян.
дық деректер;
Қазақстан Республикасы
мен Кеден одағына қатысушы
мемлекеттер ынтымақтасты.
ғының жай-күйі мен перс.
пективалары туралы анық.
тамалық материалдар;
келіссөздерде
қойылатын мәселелер;
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мәжілісте және ресми
қабылдауда сөйлейтін
сөздерінің жобалары
12 Күн тәртібіне сәйкес 20 қыркүйекке Интеграциялық комитет
құжаттарды келісуді дейін (келісім бойынша), Сыртқы
аяқтау және қол қоюға істер министрлігі, министрліктер
әзірлеу мен ведомстволар
13 Телерадиохабарларды қыркүйек Премьер-Министр Кеңсесінің
және баспасөз үшін Баспасөз қызметі,
материалдарды әзірлеу, Сыртқы істер министрлігі
сапар мен оның қорытын.
дыларын БАҚ-та көрсету
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1392 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағына қатысушы мемлекеттер үкіметтері басшыларының
кеңесі жұмысына қатысатын Қазақстан Республикасы ресми
делегациясының
Құрамы
Ресми делегация
Балғымбаев - Қазақстан Республикасының
Нұрлан Өтепұлы Премьер-Министрі
Тоқаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қасымжомарт Кемелұлы Министрінің орынбасары - Сыртқы
істер министрі
Әблязов - Қазақстан Республикасының
Мұхтар Қабылұлы Энергетика, индустрия және сауда
министрі
Мұхамеджанов - Қазақстан Республикасының Әділет
Бауыржан Әлімұлы министрі
Бірге жүретін адамдар
Ертілесова - Қазақстан Республикасының
Жаннат Жұрғалиқызы Қаржы бірінші вице-министрі
Смирнов - Қазақстан Республикасының
Анатолий Владимирович Сыртқы істер вице-министрі
Нүкенов - Қазақстан Республикасының
Маратқали Ордабайұлы Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің төрағасы
Сарапшылар
Зәкиев - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Болат Сейітқазыұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары - Шекаралық қызметтің
директоры
Қожақов - Қазақстан Республикасының
Асан Егінбайұлы Сыртқы істер министрлігі ТМД
департаментінің директоры
Османова - Қазақстан Республикасы
Фахра Анасқызы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Департамент
директоры
Ордабаев - Қазақстан Республикасының
Самат Исламұлы Сыртқы істер министрлігі ТМД
департаментінің басқарма бастығы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 14 қыркүйектегі
N 1392 қаулысына
қосымша
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің делегацияларына
бекітілген Қазақстан Республикасы министрліктерінің
Тізімі
Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі
(М.Қ.Әблязов)
Қырғыз Республикасы Қазақстан Республикасының
Көлік, коммуникациялар және
туризм министрлігі
(С.М.Бүркітбаев)
Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының Ауыл
шаруашылығы министрлігі
(С.М.Мыңбаев)
Тәжікстан Республикасы Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі
(А.С.Сәрсенбаев)
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.