1999.12.24. N 1981 қаулысымен. P991981_
Жылыту маусымының басталуына және мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз етудiң қиын жағдайына байланысты және "Кеден iсi туралы" Z952368_ Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. 1999 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2000 жылғы 1 наурызға дейiнгi кезеңде Қазақстан Республикасы аумағынан мазут (ТМД СЭҚ ТН коды (2710 00 710-2710 00 780 ) әкетуге тыйым салынсын.
1-1. 1999 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын. <*>
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi 2000 жылғы 1 наурызға дейiн мазуттың экспорттық көлемiн реттеудi енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс жасайтын болсын. <*>
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi осы қаулының 1-тармағын және 1-1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын. <*>
4. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдерi және Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi мазутпен қамтамасыз етудегі iстiң жай-күйi туралы әр он күн сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. <*> 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Қасымбеков Б.