Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1412 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 желтоқсан N 1981

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1412 P991412_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      қаулының атауындағы "Мазут" деген сөзден кейін "және дизель отыны" деген сөздермен толықтырылсын;
      қаулының кіріспесіндегі "мазутпен" деген сөзден кейін "және дизель отынымен" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "1999 жылғы 25 желтоқсанға" деген сөздер "2000 жылғы 1 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
      "1-1. 1999 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі

кезеңде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 
271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын";
     2-тармақтағы "1 қаңтарға" деген сөздер "1 наурызға" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     3-тармақтағы "1-тармағын" деген сөздерден кейін "және 1-1-тармағын" 
деген сөздермен толықтырылсын;
     5-тармақтағы "Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейін "бірінші" 
деген сөздермен толықтырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
   Оқығандар:
  Қобдалиева Н.М.
  Орынбекова Д.К.           
     
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады