Бірінші кезектегі объектілер бойынша мемлекеттік жобаларды уақытылы аяқтау және кредиторлық берешекті өтеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына "Ахсель" түрік фирмасы салып жатқан астана қаласындағы "718 пәтерлі тұрғын үй кешені" объектісін салу жөніндегі орындалған жұмыстары үшін кредиторлық берешекке ақы төлеуге кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға 1999 жылға арналған республикалық
бюджетте көзделген қаражат есебінен теңгеге бара-бар 3 (үш) миллион АҚШ
долларын бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Қасымбеков Б.