Әскери қызметшілер, ішкі істер органдары қызметкерлерін сақтандыру мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 28 қыркүйек N 1462. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 қаулысымен.

      Әскери қызметшілердің, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандыруын жүргізуге бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша), Республикалық Ұлан (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі (келісім бойынша): 
      1) бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен әскери қызметшілердің, әскери жиындарға шақырылған азаматтардың, ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандырылуын жүргізуге "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамымен шарттарды бұзуға шаралар қолдансын; 
      2) "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамынан сақтандыру жарналарының толығымен түспеуіне байланысты жарналық өтемақысы төленбей компанияға келіп түскен істер жөніндегі құжаттарды қабылдап алсын; 
      3) пайда табушыларға "Сенім" сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамынан қабылдап алынған істер бойынша ақшалай қаражат төлемдерін республикалық және жергілікті бюджеттерден осы мақсаттарға бөлінетін қаржылар есебінен жүргізсін. 
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 
      1) "Әскери қызметшілердің, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзін мемлекеттік сақтандыру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 1, 6-құжат); 
      2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 15 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 ақпандағы N 257  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 10, 73-құжат;).  
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

 

Вопросы страхования военнослужащих, сотрудников органов внутренних дел

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 1999 года № 1462. Утратило силу постановлением Правительства РК от 7 июля 2006 года N 646.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 07.07.2006 № 646.

      В целях рационального использования средств республиканского бюджета, выделяемых на проведение обязательного государственного личного страхования военнослужащих, граждан, призванных на военные сборы, лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Министерству обороны Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (по согласованию), Республиканской гвардии (по согласованию), Службе охраны Президента Республики Казахстан (по согласованию):

      1) в месячный срок, в установленном законодательством порядке, принять меры к расторжению договоров с акционерным обществом "Страховая компания "Сеним" на проведение обязательного государственного личного страхования военнослужащих, граждан, призванных на военные сборы, лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел;

      2) принять от акционерного общества "Страховая компания "Сеним" документы по поступившим в компанию делам, по которым выплата страховых возмещений не производилась в связи с недопоступлением страховых взносов;

      3) производить выплаты денежных средств выгодоприобретателям по делам, принятым от акционерного общества "Страховая компания "Сеним", за счет средств, выделяемых из республиканского и местных бюджетов на эти цели.

      2. Признать утратившими силу:

      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 4 января 1994 года № 15 P940015_ "О порядке проведения обязательного государственного личного страхования военнослужащих, граждан, призванных на военные сборы, лиц рядового и начальствующего состава органов внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 1, ст. 6);

      2) постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 1996 года № 257 P960257_ "О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 4 января 1994 г., № 15" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 10, ст. 73).

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан