Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңын орындау үшiн және әскери қызметшiлердiң, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Әскери қызметшiлердi, әскери жиынға шақырылған азаматтарды, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарын қаза тапқан (қайтыс болған), зақымданған (жараланған, жарақат алған, контузияға ұшыраған) немесе олар әскери қызмет (әскери жиынды) өткерiп жүрген кезеңде ауруға шалдыққан жағдайға арнап жеке өзiн мiндеттi түрде сақтандыру осы мақсатқа республикалық бюджеттен Қорғаныс министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Iшкi әскерлер қолбасшысының басқармасына, Республика ұланына және Қазақстан Республикасының басқа да әскери құрамаларына бөлiнген қаржы, сондай-ақ қарамағында осы құрамалар бар министрлiктер мен ведомстволардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Сақтандыру төлемдерi уақтылы және толық аударылуына жауапкершiлiк сақтандырушыларға жүктеледi.
Осы қаулымен көзделген сақтандыру төлемдерi, мемлекеттiк сақтандыру органдарының оны жүргiзуге арналған, сол төлемдердiң 10 процентi мөлшерiндегi шығындарын қоса, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасының шотына аударылады.
Ағымдағы жылы сақтандыру сомасын төлеуге пайдаланылмаған сақтандыру төлемдерi республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударылады.
2. Офицерлерге, прапорщиктерге, мичмандарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери қызметтi контракт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшi әйелдерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына және олардың қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына және олардың отбасы мүшелерiне төленетiн сақтандыру сомасының мөлшерi сол әскери қызметшiлердiң, қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың лауазымы, әскери немесе арнаулы әскери атағы (бұдан былай ақшалай үлесiнiң жалақысы) бойынша жалақысына қарай, ал мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, оқу орындарының стипендия алатын курсанттары мен тыңдаушыларына, әскери жиынға шақырылған азаматтарға және олардың отбасы мүшелерiне төлеуге жататын сақтандыру сомасының мөлшерi - Қазақстан Республикасының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң заңда белгiленген жалақысының тиiстi сақтандыру оқиғасы басталар күндегi ең төменгi мөлшерiне қарай анықталсын.
Ескерту. Осы тармақта көрсетiлген әскери қызметшiлер, оқу орындарының стипендия алатын курсанттары мен тыңдаушылары, әскери жиынға шақырылған азаматтар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары бұдан былай сақтандырылғандар деп аталады.
3. Сақтандырылған немесе мұрагерлiк құқығы бар адамдарға сақтандыру сомасын мемлекеттiк сақтандыру орындары осы қаулының 2-тармағының талаптарын ескере отырып анықталатын мынадай мөлшерде төленедi деп белгiленсiн:
а) сақтандырылған адам қызметтi (жиынды) өткерiп жүрген кезеңде немесе қызметтен (жиыннан) босатылғаннан кейiн жараланудың, жарақаттың, контузияның, зақымданудың немесе қызмет (жиын) кезiнде душар болған аурудың салдарынан қайтыс болған жағдайда - соңғы қызмет орнындағы он жылдық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 500 еселенген шамасына тең мөлшерде);
ә) сақтандырылған адамның мүгедектiгi оның әскери қызметтi (жиынды) өткерiп жүрген кезiнде не қызметтен (жиыннан) босағаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн әскери қызметтi (жиынды) өткерiп жүрген кезiнде алған жаралану, жарақат, контузия, зақым немесе ауру салдарынан болғаны анықталған жағдайда, ал Чернобыль АЭС-дегi апаттың зардабын жоюға қатысқан адамдарға - әскерден босаған уақытына қарамастан:
- 1 топтағы мүгедекке - бес жылдық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 250 еселенген шамасына тең мөлшерде);
- 2 топтағы мүгедекке - үш жылдық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 150 еселенген шамасына тең мөлшерде);
- 3 топтағы мүгедекке - бiр жылдық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 50 еселенген шамасына тең мөлшерде);
б) сақтандырылған адам әскери қызметтi (жиынды) өткерiп жүрген кезде мүгедектiкке ұшыратпаған ауыр жаралануға (контузия, жарақат, зақымдану) душар болған жағдайда - үш айлық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 12 еселенген шамасына тең мөлшерде), жеңiл жараланса (контузия алса) - бiр айлық ақшалай үлесi (республикалық бюджетте жыл сайын белгiленетiн есептi көрсеткiшiнiң 4 еселенген шамасына тең мөлшерде);
Осы тармақта көрсетiлген сақтандыру сомасы бұрын нақ осындай сақтандыру оқиғасы бойынша төленген сома есептен шығарылып тастап төленедi. Мұндай жағдайда сақтандыру сомасы басқа сақтандыру түрлерi бойынша төлемдерге және келтiрiлген зиянға өтем жасау тәртiбiндегi төлемдерге қарамастан өтеледi.
Егер сақтандырылған адамның қаза табуы (қайтыс болуы) жаралануы (зақымдануы), ауруға шалдығуы оның заңға қарсы әрекеттерiнiң, қасақана қылмыс жасауының, алкогольден, есiрткiден және уландырғыш заттан масаюдың салдарынан, сақтандыру сомасын алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өзiн-өзi жарақаттауынан болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сақтандыру сомасы төленбейдi.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.28.
N 257 қаулысымен. P960257_
4. Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi әскерлер мен Республика ұланының қолбасшылары, басқа әскери құрамалардың командирлерi (бастықтары) әскери қызметшiлердiң, әскери жиынға шақырылған азаматтардың, iшкi iстер орындарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзiн мiндеттi түрде мемлекеттiк сақтандыруды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы арқылы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
Аталған министрлiктер мен ведомстволар осы қаулыны жүзеге асыру жөнiндегi шараларды бiр ай мерзiмде қолданатын болсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы қолданылып жүрген "Әскери қызметшiлердiң, жиынға шақырылған азаматтардың, Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзiн мiндеттi түрде мемлекеттiк сақтандыру тәртiбi туралы" нұсқауға қажеттi өзгерiстер енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiнiң және Қазақстан Республикасының жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң ең төменгi жалақысы мөлшерiнiң арттырылуын ескере отырып осы қаулыны жүзеге асыру үшiн жасалған есеп-қисапқа сәйкес жыл сайын сақтандырушыларға қаржы бөлiп отырсын.
7. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi мен әскери мiндеттiлерiнiң, Қазақстан Республикасы iшкi iстер орындарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының жеке өзiн мiндеттi түрде мемлекеттiк сақтандыру туралы" 1992 жылғы 27 қазандағы N 900 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПУАЖ, 1992 ж., N 41, 610-бап) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi