Астана қаласындағы әкімшілік кешен объектілерін өрттен тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "Қызылжар" мемлекеттік резиденциясындағы мамандандырылған өрт сөндіруші бөлімді техникалық жарақтандыру үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға
көзделген қаражаттың есебінен 12500 (он екі миллион бес жүз) мың теңге
бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.