Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасын қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 30 қыркүйек N 1483

      Астана қаласындағы әкімшілік кешен объектілерін өрттен тиісті түрде қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына "Қызылжар" мемлекеттік резиденциясындағы мамандандырылған өрт сөндіруші бөлімді техникалық жарақтандыру үшін 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға

 

көзделген қаражаттың есебінен 12500 (он екі миллион бес жүз) мың теңге

бөлсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады