Қалыптасып отырған қиын жағдайды ескере отырып және Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N 1357 P991357_ қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспесіндегі "Первомайск" деген сөзден кейін "және Курчатов қаласы" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық
бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың
есебінен 50 миллион теңге, оның ішінде Первомайск қала үлгісіндегі кентінің
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен жабдықтаудың дербес көздеріне
көшіру үшін 20 миллион теңге және Курчатов қаласының қазандықтары үшін
мазут сатып алуға 30 миллион теңге бөлінсін;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.