Қалыптасқан күрделi жағдайды ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының Бiрiншi май қалалық үлгiдегi поселкесiнiң және Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс iстеуге дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 50 миллион теңге, оның ішінде Первомайск қала үлгісіндегі кентінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен жабдықтаудың дербес көздеріне көшіру үшін 20 миллион теңге және Курчатов қаласының қазандықтары үшін мазут сатып алуға 30 миллион теңге бөлінсін;
бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1491 қаулысымен. P991491_
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі