1992 жылғы 20 мамырдағы Америка Құрама Штаттарының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы жәрдем көрсетудi жеңiлдету жөнiндегi ынтымақтастыққа қатысты келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) негiзiнде iске асырылатын "Жаңа Тәуелсiз Мемлекеттер үшiн Жаппай Қырып-жою Қаруларын Таратуды Болдырмау жөнiндегi бастамалар" бағдарламасын (бұдан әрi - NIS-IPP бағдарламасы) одан әрi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Келiсiмнiң 4-бабын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1.
2.
ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар алынып тасталды - Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001.05.21. N 668 қаулысымен. P010668_
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгі белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
Келiсiмге Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың Келiсiмнiң шеңберiнде алатын кiрiстерiн босату туралы толықтырулар енгiзу туралы ұсыныс;
толықтыруларды ескере отырып, Келiсiмдi бекiту туралы Заңның
жобасын енгiзсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001.05.21. N 668 қаулысымен.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.