1999 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орнынан түсуін қабылдауына және Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабының 5-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер орнынан түсуге өтініш берсін.
Мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда көрсетілген санаттары орнынан түсуі туралы өтініштері бойынша шешім қабылданғанға дейін өздерінің міндеттерін атқарсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі