Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары басшы қызметкерлерінің орнынан түсуі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 11 қазан N 1547а

      1999 жылғы 1 қазанда Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орнынан түсуін қабылдауына және Үкіметтің өкілеттігін тоқтатуына байланысты, Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығының 29-бабының 5-тармағының 4) және 6) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер орнынан түсуге өтініш берсін.
      Мемлекеттік қызметшілердің жоғарыда көрсетілген санаттары орнынан түсуі туралы өтініштері бойынша шешім қабылданғанға дейін өздерінің міндеттерін атқарсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады