Халық санағының деректерін талдау және тарату жөніндегі халықаралық семинарды және ТМД Статистика қызметі басшылары кеңесінің 18-ші мәжілісін өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 23 қазан N 1594. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 37 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.01.29 № 37 Қаулысымен.

      Мемлекеттік статистика қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. БҰҰ Статистика басқармасының халық санағының деректерін талдау мен тарату жөніндегі халықаралық семинарды (бұдан әрі - Халықаралық семинар) және ТМД Мемлекетаралық Статистика Комитетінің ТМД Статистика қызметі басшылары кеңесінің 18-ші мәжілісін (бұдан әрі - Кеңес мәжілісі) 1999 жылдың 25-29 қазанында Алматы қаласында өткізу туралы ұсыныстары қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Халықаралық семинарды және Кеңес мәжілісін өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Халықаралық семинарға және Кеңес мәжілісіне қатысушылардың келу және кету құжаттарын рәсімдеуге жәрдем көрсетсін. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Халықаралық семинардың және Кеңес мәжілісінің өткізілу барысы мен жұмыс нәтижелері туралы материалдардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастырсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

О проведении Международного семинара по анализу и распространению данных переписи населения и 18-го заседания Совета руководителей статистических служб СНГ

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 октября 1999 года N 1594. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 января 2010 года N 37

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.01.2010 N 37.

      В целях расширения международного сотрудничества в области государственной статистической деятельности Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложения Управления статистики ООН о проведении Международного семинара по анализу и распространению данных переписи населения (далее - Международный семинар) и Межгосударственного Статистического Комитета СНГ о проведении 18-го заседания Совета руководителей статистических служб СНГ (далее - Заседание Совета) 25-29 октября 1999 года в городе Алматы.
      2. Агентству Республики Казахстан по статистике обеспечить организационные мероприятия по проведению Международного семинара и Заседания Совета.
      3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном порядке оказать содействие в оформлении въездных и выездных документов участников Международного семинара и Заседания Совета.
      4. Министерству культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан организовать освещение материалов о ходе проведения и результатах работы Международного семинара и Заседания Совета в средствах массовой информации.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
Премьер-Министр Республики Казахстан
(Специалисты: Умбетова А.М., Склярова И.В.)