Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 223 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 қазан N 1614

      "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 223 U990223_ Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі әскерге шақыру пункттерін медициналық құралдармен қамтамасыз етсін, сондай-ақ шақыру жүргізілетін жерлерде шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілері мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджетте бекітілген қаржының шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды облыстық жинау пункттерінен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелту және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін босату үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын қаржымен қамтамасыз етуді жүргізсін.
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды тиісті бюджеттік жылға арналған бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржының шегінде олар ұсынған шоттар бойынша тікелей ұйымдарға өтеуді жүргізсін.
      7. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы

 

органдары әскерге шақырылған жастардың арасында "Жалпыға бірдей әскери

міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы

19 қаңтардағы Заңын сақтауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жандандырсын.

     8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.    





О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 5 октября 1999 года N 223

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 октября 1999 года N 1614

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 5 октября 1999 года N 223 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной службы, выслуживших установленный срок военной службы, и об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в октябре-декабре 1999 года" и в соответствии с Законом Республики Казахстан от 19 января 1993 года Z939000_ "О всеобщей воинской обязанности и военной службе" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы организовать работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва граждан Республики Казахстан на срочную военную службу в октябре-декабре 1999 года.
      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.
      3. Агентству Республики Казахстан по делам здравоохранения обеспечить медицинским инструментарием призывные пункты, а также организовать медицинское обслуживание призывников в местах проведения призыва.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной военной службы и граждан, призванных на военную службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.
      5. Министерству финансов Республики Казахстан в пределах ассигнований, утвержденных бюджетом, произвести финансовое обеспечение Министерства обороны Республики Казахстан, Министерства внутренних дел Республики Казахстан, Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям, Комитета национальной безопасности Республики Казахстан и Республиканской гвардии Республики Казахстан для проведения призыва граждан на срочную военную службу, их отправки из областных сборных пунктов в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования и увольнения военнослужащих срочной службы, выслуживших установленные сроки военной службы.
      6. Министерству бороны Республики Казахстан, Министерству внутренних дел Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную военную службу, а также уволенные в запас военнослужащих срочной военной службы производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в утвержденном бюджете на соответствующий бюджетный год.
      7. Центральным и местным исполнительным органам Республики Казахстан активизировать профилактическую работу среди призывной молодежи, направленную на соблюдение Закона Республики казахстан от 19 января 1993 года Z939000_ "О всеобщей воинской обязанности и военной службе".
      8. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан



(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Склярова И.В.)