"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 5 қазандағы N 223 U990223_ Жарлығын іске асыру мақсатында және "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1999 жылдың қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі шақырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі әскерге шақыру пункттерін медициналық құралдармен қамтамасыз етсін, сондай-ақ шақыру жүргізілетін жерлерде шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша мерзімді қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілері мен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бюджетте бекітілген қаржының шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды облыстық жинау пункттерінен Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жөнелту және әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін босату үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігін, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланын қаржымен қамтамасыз етуді жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа босатылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды тиісті бюджеттік жылға арналған бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржының шегінде олар ұсынған шоттар бойынша тікелей ұйымдарға өтеуді жүргізсін.
7. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы
органдары әскерге шақырылған жастардың арасында "Жалпыға бірдей әскери
міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы
19 қаңтардағы Заңын сақтауға бағытталған алдын алу жұмыстарын жандандырсын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.