БҰҰ-ның бірқатар халықаралық ұйымдардағы ерекше саяси маңызын назарға ала отырып және БҰҰ-ның жиынтық бюджетіне Қазақстан Республикасының ең төменгі мөлшердегі жарнасын төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждықтарға көзделген қаражат есебінен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 1 300 000 (бір миллион үш жүз мың) АҚШ долларын бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның жиынтық бюджетіне 1 300 000 (бір миллион үш жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан Республикасының берешегін өтеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың мақсатты түрде жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Икебаева А.Ж.