Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшін жою тәртібі туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2679 заң күші бар Жарлығының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келісілген және алдын ала қытай жағымен пысықталған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Мал дәрігерлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы (қоса беріліп отыр) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қытай жағымен келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізілгеннен кейін бұл ретте Келісімнің жобасына принципті сипат жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан көрсетілген Келісімге қол қойсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Қытай Халық Республикасы Үкiметi арасындағы малдәрiгерлiк
саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi, бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталушылар, жұқпалы мал ауруларын болдырмау және олардың таралмауына бақылау жүргiзуде бiрлескен ынтымақтастық орнату талабын басшылыққа ала отырып және екi ел арасында сауда-саттық қарым-қатынастарды ұлғайту мақсатында төмендегiдей келiсiмге келдi:
1-Бап
Уағдаласушы Тараптар малдәрiгерлiк саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады және жұқпалы мал ауруларының, мал өнiмдерi мен шикiзаттарын, мал азықтарын сауда мен транзиттiк бағыттағы тасымалдау кезiнде бiр мемлекет территориясы арқылы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi территориясына таралмауын болдырмау мақсатында қажеттi шаралар қолданады.
2-Бап
Уағдаласушы Тараптардың құзырлы малдәрiгерлiк ұйымдары бiрлесе отырып, мал өнімдерi мен шикiзаттарын және мал азықтарын экспорт, импорт және транзиттiк тасымалдау, сондай-ақ шекаралық аудандарда малдарды айдап өту және жаю туралы малдәрiгерлiк-санитариялық жағдайлар туралы қажеттi келiсiмдi әзiрлейдi және оған қол қояды.
3-Бап
Малдардың жұқпалы ауруларының алдын алу және оларды жою мақсатында Уағдаласушы Тараптар:
а) құзыреттi малдәрiгерлiк ұйымдары арқылы өз мемлекеттерiнiң аумағындағы жұқпалы мал аурулары туралы статистикалық ақпараттар бюллетендерiмен және халықаралық iндет бюросының "А" тiзiмiнде көрсетiлген жұқпалы мал аурулары туралы, сондай-ақ беймәлiм және бұрын тiркелмеген iндеттердiң тараған жағдайларында бiр-бiрiне хабарлап, мәлiметтермен алмасып отырады;
б) мәлiметте, ауырған малдың саны, аурудың шыққан жерi, оны бақылаумен сауықтыру әдiстерi көрсетiлуi керек. Егер аусыл ауруы болған жағдайларда вирустың түрлерi көрсетiлсiн;
в) мәлiмет ауру толық жойылғанша және карантин уақыты аяқталғанша берiлiп отырады;
г) мал дәрiгерлiк биологиялық және химиялық-терапевтiк препараттарды, диагностикалық құралдар мен жабдықтарды бiрлесе шығару мен оларды жеткiзу шараларын жолға қою;
д) екi елдiң малдәрiгерлiк ғылыми-зерттеу мекемелерi арасындағы мал ауруларымен күресу мен емдеу олардың емдеу әдiстерi мен құралдарын дайындау және зерттеу мәселелерi бойынша ынтымақтастықты дамытуға көмек көрсетеді;
е) Қытай мен Қазақстан Республикаларының мемлекеттiк шекаралық мал дәрiгерлiк қызметкерлерiнiң ынтымақтастығын одан әрi жалғастыру.
4-Бап
Малдың саулығын қорғау мақсатында Уағдаласушы Тараптар, жұқпалы, паразиттiк және басқа да ауруларды болдырмау үшін қазiргi ең соңғы қолданыстағы мал дәрiгерлiк жетiстiктер жайлы мәлiметтермен алмасып отырады.
5-Бап
Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда мал дәрiгерлiк саласындағы ғылыми және нақты мүдденi бiлдiретiн мәселелер жөнiнде келiсiм бойынша бiрлескен кездесулер өткiзу үшiн делегациялармен алмасуды жүзеге асыра алады.
6-Бап
Экспорттық, импорттық мал өнiмдерi мен шикiзаттарын және мал азықтарын және транзиттiк тасымалдау. сондай-ақ шекаралық аудандарда малдарды айдап өту және жаю туралы, жем-шөп, малдәрiгерлiк препараттарды, шекарада және көлiктiк заттарды залалсыздандыру, малдәрiгерлiк сертификаттар мен куәлiктердiң берiлуiн тексеруге кететiн шығындарды, Тараптардың заңдарына сәйкес, жүк иесi төлейдi.
7-Бап
Осы келiсiм Шарттың iске асырылуы мен орындалуына байланысты туындаған дау-дамайлар екi жақтың құзыреттi органдарының араласуымен өзара достық келiссөз арқылы шешiледi.
8-Бап
Осы Келiсiм шектеусiз уақыт мерзiмiне жасалады және Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң осы Келiсiмге қатысты iшкi мәселелердiң шешiлгендiгiн хабарлаған арнайы хатына сай күшiне енедi.
Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне жазбаша мәлімдеу арқылы осы Келiсiмдi тоқтата алады. Келiсiм екi жақтың арнайы тоқтату туралы хабарламасы түскен күннен соң алты айдан кейiн күшiн жояды.
Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың басқа халықаралық келiсiмдердің құқық пен уағдаларына қарсы келмейдi.
1999 жылдың "___"___________ Пекин қаласында қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде әрқайсысы екi түпнұсқа данада жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң заң күшi бiрдей.
Осы Келiсiм ережелердi қабылдау кезiнде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайларда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.
9-Бап
Келiсiмге екi жақтың келiсiмi бойынша өзгерiстер енгiзуге болады және ол хаттама арқылы жасалады, ол хаттама осы Келiсiмнiң заңды бөлiктерi болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қытай Халық Республикасы
Үкіметі үшін Үкіметі үшін