Көкшетау қаласының өмірлік маңызы бар объектілерінің қысқы жағдайда тоқтаусыз жұмыс істеуі мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
белгіленген тәртіппен Ақмола облысының әкіміне жылумен қамтамасыз ету объектілерін, мемлекеттік мекемелердің әкімшілік үйлерін жөндеуді аяқтауға және қысқы жағдайда жұмысқа әзірлеуге, ақаулы су құбырлары желілерін жақсарту мен қайта төсеуді аяқтауға республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен 100 (жүз) миллион теңге бөлсін;
бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз етсін.
2. Ақмола облысының әкімі бөлінген қаражаттың уақытында игерілуі бойынша қажетті шаралар қолдансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.