1. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен. P010133_ 2. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 657 P990657_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 22, 224-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 1-тармақтың күші жойылды деп танылсын; 2) 2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын: "7) Атом энергетикасы жөніндегі комитет; 8) Аэроғарыш комитеті"; 3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы; 27 мамырдағы N 657қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 968 P990968_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 1999 ж., N 34, 305-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1268 P991268_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 43, 293-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.