Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 13 қазан N 235. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы"  Конституциялық  заңының 10, 17-1, 19-баптарына, "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы" Конституциялық  заңының 23 және 24-баптарына сәйкес қаулы етемін: 

      1. Мыналар: 

      1) Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі агенттігі - Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі болып; 

      2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі - қаржы-экономикалық саладағы функциялары Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Рспубликасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі болып; 

      3) Қазақстан Республикасының Білім, денсаулық сақтау және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі денсаулық сақтау саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігіне, спорт саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне, атом энергетикасы мен ғарыштық зерттеулер саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне беріле отырып, оларды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі етіп біріктіру жолымен; 

      4) Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі - туризм саласындағы функциялары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне беріле отырып, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі болып; 

      5) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі: 
      орман, балық және аң шаруашылығы, мелиорация, суландыру және топырақ құрғату функцияларын қоспағанда, су ресурстары саласындағы функциялары - Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне беріле отырып; 
      жер ресурстары саласындағы функциялары - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігіне беріле отырып; 

      6) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі - оларды Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне біріктіру жолымен, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган ретінде қайта ұйымдастырылсын.

      2. Үкімет құрамына кірмейтін мынадай орталық атқарушы органдар құрылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі;

      2) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі;

      3) Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) мынадай ведомстволар:
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетін;
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлігінің Аэроғарыш комитетін;
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы комитетін; 
      Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетін құруды қамтамасыз етсін; 

      2) бір ай мерзімде осы Жарлыққа сәйкес қайта ұйымдастырылған және жаңадан құрылған атқарушы органдар туралы ережелерді бекітетін болсын; 

      3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 1999.11.02. N 259  жарлығымен.

      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі бір ай мерзімде Мемлекет басшысының қарауына Агенттік туралы ереженің жобасын, Агенттіктің құрылымы, жалпы штат саны жөнінде және Қазақстан Республикасы Президентінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Республика Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6  Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      мынадай мазмұндағы абзацтар алынып тасталсын:
      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім
министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Көлік, коммуникациялар және туризм 
министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, білім және спорт 
министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және 
бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі
агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Экономикалық жоспарлау жөніндегі 
агенттігі";
      мынадай мазмұндағы жаңа абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар
министрлігі";
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, 
бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі";
      "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі".

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 

      7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 

       Қазақстан Республикасының 
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады