"Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуірдегі Z990357_ Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) 1999 жылғы 15 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзірлеудің және іске асырудың Ережесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын;
2) 2000 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған Тұжырымдамасын және аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 2000 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспарының жобасын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3)-тармақшасы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
2000.05.10. N 691 қаулысымен. P000691_
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша), өзге мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мен акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) 2000 жылғы 25 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған Индикативтік жоспарын әзірлеу үшін қажетті материалдарды;
2) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар Тізбесін қалыптастырудың негізделген ұсыныстарын тапсырсын.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі мүдделі министрліктермен және акционерлік қоғамдармен (ұлттық компаниялармен) бірлесіп аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамдары негізінде табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің (тауарлар, жұмыстар) бағалары мен тарифтері индексінің 2001 жылға (тоқсандар бойынша) және 2002-2005 жылдарға (орташа жылдық және кезеңнің аяғына дейін) арналған шекті деңгейін әзірлесін және 2000 жылдың 15 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Экономика министрлігіне тапсырсын.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі 2000 жылы 15 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының
Экономика министрлігіне:
1) 2001 жылға есептік көрсеткіштің, ең аз жалақының, зейнетақының,
жұмыссыздық деңгейі мен кедейлік шегінің тоқсандық мөлшерлері;
2) 2002-2005 жылдарға есептік көрсеткіштің, ең аз жалақының,
зейнетақының, жұмыссыздықтың деңгейі мен кедейліктің жылдық орташа
көрсеткіштері бойынша жасалған болжамын тапсырсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.