1999 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелерінің ағымдағы және әкімшілік шығыстары үшін көзделген қаражаттың шектеулілігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі мекемелерінің жалақы бойынша, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді берушілердің алдында есеп айырысу бойынша берешектерін өтеу, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің резиденциясын қайта жаңартуды жүргізу үшін теңгелік баламда 1280 000 (бір миллион екі жүз сексен мың) АҚШ долларын бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жалпы сомасы 1280 000 (бір миллион екі жүз сексен мың) АҚШ долларына Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шет елдегі мекемелерінің жалақы бойынша, тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді берушілердің алдында есеп айырысу бойынша берешектерін өтеуді, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшігінің резиденциясын қайта
жаңартуды жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты жұмсалуын бақылауды жүзеге асырсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.