Z970136_ Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ережелер бекітілсін. 2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1854 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы Ереже
1. Осы зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың тәртібі туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Ережеге сәйкес жыл сайын оларды арттыруды қоса есептегенде 10000 теңгеден аспауға тиісті Орталықтан төленетін көрсетілген сомадан аспайтын зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен. P010042_
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.05. N 329
қаулысымен. P010329_
3. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүргізіледі.
4. Орталықтан төленетін ең аз зейнетақы төлемінің мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
5. Орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi өткен жылғы ең аз зейнетақы мөлшерiнен тұтыну бағаларының болжамдық орташа жылдық индексi ескерiле отырып есептелген сомаға арттырылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42
қаулысымен. P010042_ 6. Инфляцияның индексі жағдайында зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру жүргізілмейді. <*> ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42 қаулысымен. P010042_ 7. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42 қаулысымен. P010042_ 8. Арттырылған ең аз зейнетақы төлемiнiң мөлшерiнен кем болатын зейнетақы төлемдерiнiң толық емес көлемiндегi мөлшерi, Орталықтан төленетiн арттырылған ең аз зейнетақы төлемінен нақты еңбек стажына барабар белгіленеді. <*> ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.13. N 42 қаулысымен. P010042_ Оқығандар: Орынбекова Д.К. Касымбеков Б.А.