Қарағанды облысында "Протон" зымыран-тасығышы авариясының жағдайы бойынша Қазақстан және Ресей Үкіметтік комиссияларының бірлескен мәжілісін өткізуге байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Ресей Үкіметтік
делегациясының 1999 жылғы 18 қарашада Астана қаласында болуы бойынша
ұйымдастыру шараларын өткізуіне байланысты Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігінің 149755 (бір жүз қырық тоғыз мың жеті жүз елу
бес) теңге сомасындағы шығыстарды 1999 жылға арналған республикалық
бюджетте өкілеттік шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен төлесін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.