Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Президенттік жаңа жыл шыршасын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1591 P991591_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйінде, интернат мекемелерінде тәрбиеленушілер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Астана қаласында 1999 жылдың 25 желтоқсанында Президенттік жаңа жыл шыршасы өткізілсін.";
2) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы "Қызылорда" деген сөз "Астана" деген
сөзбен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Президенттік жаңа жыл шыршасын
әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына Астана
қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков төрағаның орынбасары болып
енгізілсін;
С.Ө.Нұрғисаев, Г.Д.Дмитриенко, Ә.М.Мүсілімов, Б.М.Сапарбаев,
М.Қ.Шәкенов көрсетілген құрамнан шығарылсын;
"Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-
Министрі Кеңсесі Экономикалық
бөлімінің әлеуметтік сала секторының
меңгерушісі
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрі
Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік,
коммуникациялар және туризм
вице-министрі"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"Аманшаев Ермек Әмірханұлы - Қазақстан Республикасының Премьер-
Министрі Кеңсесі Аймақтық даму және
әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің
орынбасары - Әлеуметтік сала
секторының меңгерушісі
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
бірінші вице-министрі
Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және
коммуникациялар бірінші
вице-министрі"
4) көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылы Қызылорда қаласында
Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың
жоспарында:
атауы мен мәтініндегі "Қызылорда", "Қызылорда облысының" деген сөздер
"Астана", "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Қызылорда облысының әкімі" бөлімінің атауы мынадай жаңа редакцияда
жазылсын:
"Астана қаласының әкімі";
12-тармақ алынып тасталсын:
"Байқоңыр қаласының әкімі (келісім бойынша)", "Оңтүстік Қазақстан
облысының әкімі" бөлімдері алынып тасталсын;
5) көрсетілген қаулыға қосымшаның "1999 жылы Қызылорда қаласында
Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысушылардың сандық құрамы" деген
атауындағы":
"Қызылорда" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.