Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1591 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 10 желтоқсан N 1902

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Президенттік жаңа жыл шыршасын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қазандағы N 1591 P991591_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйінде, интернат мекемелерінде тәрбиеленушілер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін Астана қаласында 1999 жылдың 25 желтоқсанында Президенттік жаңа жыл шыршасы өткізілсін.";
      2) 2-тармақтың 2-тармақшасындағы "Қызылорда" деген сөз "Астана" деген

 

сөзбен ауыстырылсын;

     3) көрсетілген қаулымен бекітілген Президенттік жаңа жыл шыршасын

әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына Астана

қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков төрағаның орынбасары болып

енгізілсін;

     С.Ө.Нұрғисаев, Г.Д.Дмитриенко, Ә.М.Мүсілімов, Б.М.Сапарбаев,

М.Қ.Шәкенов көрсетілген құрамнан шығарылсын;

     "Аманшаев Ермек Әмірханұлы     - Қазақстан Республикасының Премьер-

                                      Министрі Кеңсесі Экономикалық

                                      бөлімінің әлеуметтік сала секторының

                                      меңгерушісі

     Жәмішев Болат Бидахметұлы      - Қазақстан Республикасының Қаржы

                                      вице-министрі


     Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы     - Қазақстан Республикасының Көлік,

                                      коммуникациялар және туризм

                                      вице-министрі"


     деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:


     "Аманшаев Ермек Әмірханұлы     - Қазақстан Республикасының Премьер-

                                      Министрі Кеңсесі Аймақтық даму және

                                      әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісінің

                                      орынбасары - Әлеуметтік сала        

                                      секторының меңгерушісі

     Жәмішев Болат Бидахметұлы      - Қазақстан Республикасының Қаржы

                                      бірінші вице-министрі

     Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы     - Қазақстан Республикасының Көлік және

                                      коммуникациялар бірінші

                                      вице-министрі"



 
       4) көрсетілген қаулымен бекітілген 1999 жылы Қызылорда қаласында

 

Президенттік жаңа жыл шыршасын әзірлеу және өткізу жөніндегі іс-шаралардың

жоспарында:

     атауы мен мәтініндегі "Қызылорда", "Қызылорда облысының" деген сөздер

"Астана", "Астана қаласының" деген сөздермен ауыстырылсын;

     "Қызылорда облысының әкімі" бөлімінің атауы мынадай жаңа редакцияда

жазылсын:

     "Астана қаласының әкімі";

     12-тармақ алынып тасталсын:

     "Байқоңыр қаласының әкімі (келісім бойынша)", "Оңтүстік Қазақстан

облысының әкімі" бөлімдері алынып тасталсын;

     5) көрсетілген қаулыға қосымшаның "1999 жылы Қызылорда қаласында

Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысушылардың сандық құрамы" деген

атауындағы":

     "Қызылорда" деген сөз "Астана" деген сөзбен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады