Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 20-25 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі екінші мәжілісі өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кездесуді ұйымдастыруды, келіссөздерге материалдар мен тезистерді, қол қоюға құжаттарды әзірлеуді, келіссөздерге дайындалу мен өткізуді жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қоса
беріліп отырған сметаға сәйкес кездесудің шеңберіндегі іс-шараларды
өткізуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға
көзделген қаржы қаражатын бөлсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1933 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік
делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау
жөніндегі екінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың
Сметасы
1999 жыл, 6 күн, Астана - үкіметтің делегациялардың келіссөздері
(1+14 формуласы)
__________________________________________________________________
N Көрсетілетін қызметтердің атауы Сомасы (теңге)
р/с
__________________________________________________________________
1. 25 адамға буфеттік қызмет көрсету.
Күніне бір адамға 1040 теңгемен есептегенде
(25 адам х 1040 теңге х 6 күн 156000
2. Көліктік шығыстарды төлеу. Сағатына 700
теңгеден есептегенде (тәулігіне 4 сағаттан):
-1 шағынавтобус (700 теңге х 4 сағат х 6 күн) 16800
2 "Фиат" автомашинасы (2 х 700 теңге х 6 күн) 8400
3. ҚР Сыртқы істер министрінің атынан 25 адамға
арналған қабылдау.
Бір адамға 6500 теңге есебімен
(25 х 6500) 162500
____________________________________________________________________
Жиыны: 343700
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.