Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі екінші мәжілісін өткізуге байланысты ұйымдастыру іс-шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 желтоқсан N 1933

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың 20-25 желтоқсанында Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі екінші мәжілісі өткізілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі кездесуді ұйымдастыруды, келіссөздерге материалдар мен тезистерді, қол қоюға құжаттарды әзірлеуді, келіссөздерге дайындалу мен өткізуді жалпы үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген

 

тәртіппен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне қоса

беріліп отырған сметаға сәйкес кездесудің шеңберіндегі іс-шараларды

өткізуге 1999 жылға арналған республикалық бюджетте өкілдік шығыстарға

көзделген қаржы қаражатын бөлсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                          1999 жылғы 19 желтоқсандағы

                            N 1933 қаулысына қосымша


     Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметтік

      делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау

     жөніндегі екінші мәжілісін өткізуге арналған шығыстардың

                        Сметасы


     1999 жыл, 6 күн, Астана - үкіметтің делегациялардың келіссөздері

     (1+14 формуласы)

    __________________________________________________________________

     N       Көрсетілетін қызметтердің атауы            Сомасы (теңге)

    р/с

    __________________________________________________________________

    1. 25 адамға буфеттік қызмет көрсету.

       Күніне бір адамға 1040 теңгемен есептегенде

       (25 адам х 1040 теңге х 6 күн                   156000


    2. Көліктік шығыстарды төлеу. Сағатына 700

       теңгеден есептегенде (тәулігіне 4 сағаттан):

       -1 шағынавтобус (700 теңге х 4 сағат х 6 күн)   16800

       2 "Фиат" автомашинасы (2 х 700 теңге х 6 күн)   8400


    3. ҚР Сыртқы істер министрінің атынан 25 адамға   

       арналған қабылдау.

       Бір адамға 6500 теңге есебімен

       (25 х 6500)                                     162500

  ____________________________________________________________________

       Жиыны:                                          343700



    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады