Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990466_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің уақытша тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының, орналастыруының, айналысының және өтеуінің жалпы тәртібі бекітілгенге дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1950 қаулысымен бекітілген Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің Уақытша тәртібі 1. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша Тәртіп Қазақстан Республикасы аумағында Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын (бұдан әрі "Облигациялар" деп аталады) шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін белгілейді.
2. Облигациялар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі "Эмитент" деп аталады) шығарады.
3. Облигациялар құжатсыз нысанда шығарылады, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі "Депозитарий" деп аталады), оларды ұстаушылардың "депо" шоттарында және олардың инвесторлары бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларда ашылған "депо" шоттарына тиісті жазбалар жүргізу жолымен орналастырылады және айналыста болады.
4. Облигациялардың бастапқы құны - 100 АҚШ доллары. Барлық есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есеп айырысуды жүзеге асыру күнінің алдыңғы күнгі бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады.
5. Облигациялардың айналыс мерзімі - бір жыл. Облигациялар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеуді облигациялар айналысының жүз сексен екінші және үш жүз алпыс төртінші күндерінде Эмитент жүргізеді. Сыйақыны (мүддені) соңғы төлеу облигацияларды өтеумен дәл келеді.
2. Шығару және орналастыру
6. Облигациялардың әрбір шығарылымының Эмитент бекіткен шығару параметрлеріне орай, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы беретін ұлттық бірдейлендірілген нөмірі болады.
7. Облигацияларды бастапқы орналастыруды сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізілетін конкурстың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын Андеррайтер жүзеге асырады. Эмитент пен Андеррайтердің арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Тәртіппен және Эмитент пен Андеррайтердің арасында жасалатын андеррайтингтік қызмет көрсету шартымен реттеледі.
8. Облигацияларды бастапқы орналастыруды, сыйақы (мүдде) ставкасының өсуімен бастапқы құны бойынша Қазақстан қор биржасының сауда жүйесі арқылы аукцион өткізу жолымен, инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденттері еместердің арасында Андеррайтер жүргізеді. Облигацияларды сатып алуға өтініштерді қанағаттандыруды сыйақы (мүдде) ставкасының өсуі бойынша реттелген өтініштер ведомосының негізінде, Эмитент үшін қолайлы ставка мен көлемнің шамалары бойынша Эмитент жасайды.
9. Аукцион өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерімен реттеледі.
10. Облигацияларды биржаның сауда жүйесі арқылы бастапқы орналастыру кезіндегі ақшалай есеп айырысудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерімен айқындалады.
11. Облигациялар эмиссиясының көлемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілген қарызға алу лимитінің шегінде Эмитент белгілейді. Облигациялар бойынша сыйақының (мүдденің) ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі.
3. Облигациялардың айналысы
12. Шығарылымдағы барлық облигациялардың айналысы аукционға қатысушылар Қазақстан қор биржасының аукционның қорытындысы бойынша инвесторлар сатып алған облигациялар үшін ақшаның Эмитенттің шотына түскендігі туралы растауын алған күнінен кейінгі күннен басталады және сыйақыны (мүддені) төлеу күніне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейін бес жұмыс күні қалғанда тоқтатылады.
13. Бағалы қағаздардың екінші рыногында облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Облигацияларға меншік құқықтарын есепке алу мен ауыстыруды сатушы мен сатып алушының "депо" шоттарына тиісті жазбалар енгізу жолымен Орталық депозитарий жүзеге асырады.
4. Облигацияларды өтеу
15. Сыйақыны (мүддені) есептеу Қазақстан қор биржасы инвесторлар бастапқы орналастыру кезінде сатып алған облигациялар үшін Эмитенттің шотына ақша аударған күннен кейінгі күннен басталады және шығару шарттарына сәйкес айқындалатын сыйақының (мүдденің) ставкасы бойынша, өтеу күнін қоса есептегенде, айналыс кезеңі бойы жүргізіледі.
16. Эмитент облигацияларды өтеуді бастапқы құны бойынша облигациялар айналасының үш жүз алпыс төртінші күнтізбелік күнінде жүргізеді. Егер облигацияларды өтеу немесе сыйақыны (мүддені) төлеу демалыс күнінен түссе, ол келесі жұмыс күні жүргізеді.
17. Депозитарий сыйақыны (мүддені) төлеу күніне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей Эмитентке Депозитарий деректерінің негізінде қалыптастырылатын және олар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеу мен өтеу жүргізілуі тиісті облигациялардың саны және бағалы қағаздар рыногына әрбір кәсіби қатысушы бойынша сомалар туралы мәліметтерді қамтитын жиынтық ведомосты жолдайды.
18. Облигациялардың бастапқы құнын өтеуді жиынтық ведомосқа сәйкес, бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың есеп/жеке шоттарына ақша аудару жолымен, Астана қаласы жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен Эмитент жүзеге асырады.
19. Облигациялардың бастапқы құнын өтеуді және сыйақыны (мүддені)
төлеуді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өтеу күнінің алдындағы күнгі ресми бағамы бойынша теңгемен Эмитент немесе оның уәкілеттік берілген өкілі жүргізеді. 20. Облигацияларды өтегеннен кейін Эмитент 5 күннің ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Депозитарийдің облигациялардың өтелгені туралы мәліметтерінің көшірмесін және жүргізілген өтеулерді растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады. 21. Облигациялармен операциялар бойынша салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.