Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1959. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1134 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бекітілген штат саны лимитінің шегінде бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылау саласындағы олардың функцияларын жаңадан құрылған Комитетке берумен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетін қайта ұйымдастыра отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті құрылсын. <*>
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.04.22. N 623  қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы бақылау комитетінің негізгі міндеттері өз құзыретінің шегінде: 
      республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер шығыстарының сметаларын жасаудың және бекітудің дұрыстығын, мемлекеттік мекемелердің бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануын, сондай-ақ мемлекеттік тапсырысты орындау үшін бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын; 
      қаржылық рәсімдердің сақталуы бөлігінде жергілікті бюджеттердің әзірленуін және атқарылуын; 
      заемшылардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен тартылған мемлекеттік заемдарды, мемлекеттік емес заемдарды және бюджеттік несиелерді мақсатты пайдалануын және қайтаруын; 
      мемлекеттік кәсіпорындардың пайданың үлестерін тиісті бюджеттерге толық және уақытылы аударуын, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлесіне кірістердің және акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің есептелуін бақылауды жүзеге асыру болып белгіленсін. 

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы бақылау комитеті туралы ережені әзірлесін және бекітуге ұсынсын;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс енгізсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Некоторые вопросы Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1999 года N 1959. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 октября 2004 г. N 1134 (P041134)

      В соответствии со статьей 24 Конституционного закона Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года Z952688_ "О Правительстве Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Образовать в пределах утвержденного лимита штатной численности Министерства финансов Республики Казахстан Комитет финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан, реорганизовав Комитет казначейства и Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан с передачей их функций в сфере контроля за целевым использованием бюджетных средств вновь образованному Комитету. <*>
      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 22 апреля 2000 г. N 623 P000623_ .
      2. Определить основными задачами Комитета финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан в пределах своей компетенции осуществление контроля за:
      правильностью составления и утверждения смет расходов государственных учреждений, финансируемых из республиканского бюджета, целевым использованием бюджетных средств государственными учреждениями, а также целевым использованием средств, выделенных из бюджета на выполнение государственного заказа;
      разработкой и исполнением местных бюджетов в части соблюдения финансовых процедур;
      целевым использованием и возвратом заемщиками государственных займов, негосударственных займов, привлеченных под гарантии Правительства Республики Казахстан, и бюджетных кредитов;
      полнотой и своевременностью отчислений доли прибыли государственными предприятиями в соответствующие бюджеты, а также начисления дохода на государственные доли в хозяйственных товариществах и дивидендов на государственные пакеты акций акционерных обществ.
      3. Министерству финансов Республики Казахстан в месячный срок в установленном законодательством порядке:
      разработать и представить на утверждение Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан;
      внести предложения о приведении ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

     Премьер-Министр
  Республики Казахстан